Алматыда қаланы дамытуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайларына қосымша қаржы бөлінді

 

photo_40146

Алматыда VI- шақырылымдағы мәслихаттың XIX сессиясы барысында қаланың 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 миллиард теңге болып қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап. Қосымша қаржы көздері коммуналдық меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түсті. «Алматы 2020 даму» Бағдарламасының тұжырымдарына сай қаланы дамыту мен азамттардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысты өзгеріс енгізілді. Бүгінгі күні Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша өсім динамикасы қалыптасқан.2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3 пайыз болған. Сонымен қатар, бөлшек сауда 6,8 пайызға, өнеркәсіп 4,7 пайызға, байланыс 4,9 пайызға, тұрғын үй салу 15,6 пайызға артқаны айтылады. Өткен жылдың осы кезеңінде аталған салалар бойынша көрсеткіштер төмен болған еді. Республикалық бюджетке 7 айдың ішінде 705,3 миллиард теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 миллиард теңгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 миллиард теңгеге жетіп, өсім 12,2 пайыз болды. Негізгі өсім жеке инвестиция үлесінің 84 пайыз болуы арқасында қамтамасыз етілді. Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция  көлемі 139 миллардтан 160 миллиард теңгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 миллиард теңгеге ұлғайды. Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыстар бойынша жергілікті бюджет 12,2 миллиард теңгеге, республикалық бюджет 102,6 миллиард теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланың бюджеттік алымы біршама азайды. Білім саласындағы негізгі проблемалардың бірі сыныптардың толымдылығы. Сондықтан №198 мектеп жанынан қосалқы обьект салу үшін 28,4 миллион теңге бөлінді.№138 гимназия жанынан 600 орынды нысан салу үшін 5 миллион теңге бөлінді әрі ЖСҚ жасалуда. Алматыдағы №2 гуманитарлық-педагогикалық колледжде 500 оқушыға арналған қосалқы нысан салу үшін 4,8 миллион теңге бөлінді және ЖСҚ дайындалуда. Балалардың қауіпсіздігі үшін оқу орындарының сейсмикалық қуатын арттыруға жіті назар аударылуда.Тілі мүкіс балалар сабақ алатын №9 мектеп- интернаттың сейсмикалық қауіпсіздігін нығайту және ЖСҚ дайындау үшін 8,5 млн. теңге бөлінеді. Биыл 42 білім ошағының құрылысы мен сейсмикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру қарастырылған. Бұлардың 29 объектісі биыл іске қосылады. Қала мектептерінің оқу құралдарын алу үшін 528,2 миллион теңге бөлу жоспарланған. Жеке бала бақшаларда балдырғандар санының артуы барысында мемлекеттік білім тапсырысы үшін 123 миллион теңге бөлінеді. Бұқаралық кәсіпкерлік аясында жастар практикасына қатысатын 1,5 мың адамға 166,7 миллион теңге жоспарланған. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету оталықтарында қамқорлыққа алушылар қатарының 1 130 дейін жетуіне орай азық- түлік өнімдерін алу үшін 51,1 миллион теңге, дәрі- дәрмек үшін 17,1 миллион теңге бөлу қарастырылған. Әлеуметтік қолдау және оны тұтынушылар санының артуына байланысты 43,8 миллион теңгеге 144 кресло-арбалар, 3,8 миллион теңгеге 57 есту аппараттары алынып, 14,4 миллион теңгенің Инватакси қызметі ұсынылады. Медициналық қызмент сапасын арттыруға айрықша назар аударылады, осыған орай бұл салаға қосымша 1,2 миллиард теңге бөлінеді. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға жете мән беріледі. 83 медициналық жабдық пен патологоанатомиялық бюроға 1 жүк лифтін алу үшін 893,1 миллион теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық қуаттылығын арттыруға және 3 нысандағы жұмысты аяқтауға 22,9 миллион теңге жұмсалады. Биыл 18 денсаулық сақтау нысаны салынуда әрі жөнделуде, олардың 10 объектісі жыл аяғына дейін іске қосылады. Тұрғын үй- коммуналдық қызметті жақсартуға 3,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі кезде жылу жүйелерін, су құбырларын жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қалаға қосылған елді мекендерді жарықпен қамтамасыз етуді жақсарту және қаланың Оңтүстік- Батыс бөлігіндегі 153 гектар жерге орналасқан аумақты электрмен қамтамасыз ету үшін 2,8 миллиард теңге қарастырылған. Қалаға қосылған елді мекендерде электр желісін салу үшін ЖСҚ дайындауға 6 миллион теңге бөлінеді. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 3,4 шақырым инженерлік инфрақұрылым, су құбырлары жөнделеді, кәріздер жасалады. Достык ықшам ауданында  осындай ауқымды жұмыстарды жүргізу үшін 130,4 миллион теңге, Калкаман-1,4 ықшамауданына 53,3 миллион теңге бөлінеді, арнайы медқамтамасыз етудің қойма  базасының қазандығын салуға 30 миллион теңге қарастырылған. ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы аясында 58 үй кешенді жөнделеді, 43 үйдің шатырын жөндеуге 745 миллион теңге бөлінеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Саялы-2» көпқабатты үй үшін инженерлік желілер салуға 104 миллион теңге бөлінеді.  Қаланы абаттандыруға 593,4 миллион теңге жұмсалады. Арық желілерін жақсартуға баса назар аударылады.5,9 км арық желісі мен жауынды канализация құрылысына 243,8 миллион теңге қарастырылған. «АЖК» АҚ сыртқы жарық көздерін қамтамасыз етуге 100 миллион теңге бөлінеді. Қаланың магистральді көшелеріндегі 5 жер асты өтпелі жолдар жөнделеді. Биыл бюдетті нақтылау барысында 43,2 мың жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Жалпы, Алматы әкімдігі қала тұрныдары мен қонақтары үшін жайлылық жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Биыл жол айрықтарын, құрылыс нысандарын, Универсиада обьектілерін, әлеуметтік нысандарды салу мен ашу шараларын оңтайландыру, түрі құрылыс жұмыстарына МЖӘ кеңінен тарту, мемлекеттік сатып алу шараларын үнемдеу барысында түскен қаржы қала экономикасын арттыруға жұмсалды. Қалада тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалуда,парктер мен скверлер абаттандырылуда, жаяу жүргінші және веложолдар жасалып, қоршаулар алынуда, қоғамдық кеңістік кеңеюде. Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңы қайта жасалып, бұларда жаяу жүргіншіге басымдық берілуде, аллеялар, жасыл ландшафтар, велосипед жолдары,балалардың ойын алаңдары, өтпелі жолдар жасалуда. Жыл аяғына дейін қаладағы 500 аула жөнделеді, әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады. 146 шақырым жол жөнделеді, 97 мың шаршы метр тротуар абаттандырылады, ұзындығы 15 шақырым жол және 57 көшедегі 42 шақырым арық желісі қайта жасалады, 32 шақырым жылу жүйесі жаңғыртылады. 20 мың үйге 380 шақырым су құбыры мен  кәріз желісі тартылуда, Фурманов, Абай көшелері үңгіленіп, үш жол айрығының құрылысы мен  жаңа аудандадағы жолдар жасалуда. Ауқымды көлік реформасы жүзеге асуда. «Оңай» жол картасы жасалып, 1 миллион 300 мың карта сатылды. 2016 жылы 137 жаңа автобус сатып алынды. Биыл сатып алынған 60 жаңа автобусқа қосымша жыл аяғына дейін тағы да 300 жаңа автобус алынады. Автобустар мен троллейбустар үшін арнайы жолақтар 100 шақырым дейін жетеді. Ақылы көлік тұрағы 10 мың орын болады. Метроның екі бекетінің, BRT желісінің құрылыстары жалғасып, LRT енгізуге дайындықтар жүруде.Қалада Орбита ықшам ауданынан Көк базарға дейін велодәліз жасалады, велостанциялар саны 200 дейін барады, бұларда 1700 велосипед болады. Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жолды түнде жарықпен қамтамасыз ету жүзеге асады. Қалаға қосылған Наурызбай ауданында 188 км жолға асфальт төселеді, 64 пәтерлі тұрғын үй орталық жылумен қамтылады. МЖӘ есебінен 2 мектеп, 3 емхана,33 бала бақша,17 спорт және балалар алаңдары салынды. Жыл аяғына дейін 123 км су құбыры, 80 шақырым кәріз желісі жүзеге асады, 2018 жылы 135 шақырым электр желісі жарық беретін болады. Аудан 100 пайыз газбен қамтылған. 2015 жылғы сел зардаптарын жою үшін Қарғалы өзенінің арнасы қайта жасалды, жағалаулар мықты бекітілді,аудан тұрындары үшін жаңа демалыс орындарыһ ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Наурызбай ауданын кезең бойынша дамыту барысында аудан әкімдігі мен ІІБ ғимараты  іске қосылды. «Туғанжер» бағдарламасы бойынша  шілде айының басында «Завод Электрокабель» ЖШС бөлген 1,2 миллиард теңге қаржыға салынған  500 адам қатынайтын көпфункционалды емхана іске қосылды.1 қыркүйекте «Сәби» жеке қайырымдылық қоры бөлген 1,4 миллиард теңгеге салынған 1200 орынды мектеп ашылады. Тамыз айының соңына дейін мемлекеттік  табыстар басқармасының, сот, прокуратура, Қазпошта,банк, зейнетақы төлеу орталығы, тәулігіне  мың адамға қызмет көрсететін ХҚКО-ның ғимараты пайдалануға беріледі. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,5 мың пәтерлі  21 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Биылғы жылдың қыркүйек айында 496 7 тұрғын үй  пайдалануға беріледі.
https://kaz.tengrinews.kz/