21 ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ

Қала әкімі қайта жасақталып жатқан жол инфрақұрылымының барысын тексерді

1

Қала әкімі Бауыржан Байбек қаланың жол инфрақұрылымын салу мен қайта жасаудың барысын тексерді. Биылғы жылы мега­полисте 146 шақырым жол жөн­деліп, 97 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы абаттан­дыры­лады.  Сонымен қатар, «BRT» мен ұзындығы 21 шақырым бола­тын, дәлірек айтқанда, «Орбита» ықшам­ау­данынан Көкбазарға дейінгі ара қашық­тықты қамтитын велодәліз құрылысы жүріп жатыр.

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек  жұмыс сапары барысында ұзындығы 3,6 шақырым болатын Әуезов көшесі бойымен Тимирязев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі аумақтарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Бұл учаскелердегі жөндеу жұмыстары 12 тамызда аяқталады деп жоспарланған еді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жол­дары басқарма­сының мәліметіне сенсек,  Желтоқсан көшесі бойымен Тимирязев көше­сінен Төле би көшесіне дейін ұзын­дығы 2,3 шақырым болатын, сондай-ақ, Төле биден Райымбек даңғылына дейін ұзын­дығы 2,081 шақырымдық көшелердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын екен. Қала басшысы Өтепов көшесі бойы­мен Розыбакиев көшесінен «Ата­кент» көрмесіне дейінгі көшелердегі жөндеу жұмыстарының сапасын пысық­тап қайтты. Бұл аймақта трам­вай рельс­тері  алынып, орнына асфа­ль­то­бетон төселіп, жаңа велосипед аймағы пайда болған еді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масының мәліметі бойынша, бұл  учаскеге алдағы он күннің ішінде жол белгілері қойылады. Сонымен қатар, Торайғыров және Каб­луков көшелерінде жүріп жатқан жөндеу жұмыс­тарымен  танысқан қала әкімі жол инфра­құрылымын салу мен қайта жасауда жаяу жүргінші аймақта­рына жіті назар аудару қажеттігін қадап айтты.

Жалпы, жыл аяғына дейін ретке келтірілмеген 102 өтпелі жол қайта жаса­лып, олар жарықпен қамтамасыз етіледі. Автобустар мен троллейбустар үшін жасақ­талған арнайы жолақтардың ұзындығы 100 шақырымға дейін жетеді. Ақылы көлік тұрағының санын 10 мың орынға жеткізу жоспарланған. Ал 1700 велосипеді бар велобекеттер саны 200-ге дейін жететін болады.

Сонымен қатар, Фурманов, Абай, Хмельницкий  көшелерін созу арқылы бірнеше жолайрықтарды салу жұмыс­тары өз жалғасын табуда. Жыл соңына дейін 500 ауланы қайта жөндеуден өткізу жоспар­ланған. Бұдан өзге жаяу жүргіншілерге  ың­ғайлы болу үшін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабан­бай батыр көшелері мен «Астана» ала­ңында қайта жөндеу жұмыстары қар­қынды жүріп жатыр. Бұл аймақта жасыл желектер отырғызылып, кіші архитек­туралық мүсіндер мен спорт­тық жаб­дықтар орнатылып, балалар алаң­дарын жасау, веложолдарды абаттан­дыру, ғимараттардың сыртқы көрінісін жаңарту жұмыстары жоспарланған.

Жалпы, жыл аяғына дейін ретке келтіріл­меген 102 өтпелі жол қайта жаса­лып, олар жарықпен қамтамасыз етіледі. Автобустар мен троллейбустар үшін жасақ­талған арнайы жолақтардың ұзындығы 100 шақырымға дейін жетеді. Ақылы көлік тұрағының санын 10 мың орынға жеткізу жоспарланған. Ал 1700 велосипеді бар велобекеттер саны 200-ге дейін жететін болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»