МИХАЛКОВ ФУРЦЕВАНЫ НЕГЕ БИГЕ ШАҚЫРДЫ?

7286abd354709fc62c54caa1f2b0fa87

Таяуда 87 жасында жүрек талма­сынан қайтыс болған атақты орыс суретшісі Илья Глазуновтың өмірі аңыз бен  ақиқатқа толы.  Соңында бейне­леу өнерінің түрлі жанрында 6 мыңнан астам туынды (оның ішінде жоғалған, тыйым салынғандарын айт­пағанда) қалдырған ол туралы бүгінде  орыс өнер зерттеушілері бұрынғыдан  құныға, құлшына  жазып жатыр.  Ойды ой түртеді. Реті келген соң айтайық. Бізде де осы   Глазунов тұрпатты сурет­шілер жоқ емес, болған. Алайда,  сурет­шіге «бояушы» депқарайтын көзқарас­тан әлі арылып бітпеген біз әлі де  олардың  қадіріне жете  алмай жүрміз. Тіпті, таяуда соңғы Халық суретшісі, Суретшілер Одағын 25 жыл басқарған, қыздарының айтуынша, кезінде Мәде­ниет­министрлігінің  тізгінін ұстаудан бас тартқан, ұлттық бейнелеу өнерінде  даңғыл жол салып, ешкімге ұқсамайтын ізденістерге  барып, өз қолтаңбасын қалдырған Сабыр Мәмбеевтің өмірден озғанын білмей де қалдық. Осындай тұлғалардың  жалпы халықтың емес,  белгілі бір орта үшін ғана орны мен  маңызы сөз болып қана қоятыны  біздің қоғамда  жасырын емес екені белгілі. Өкі­нішке орай, бұл  бағытта Ресей басылымдарының жұмысын  мысал етіп  айтпасқа амал қалмай тұр. Мәселен, олар  белгілі бір тұлғасы өмірден озса, бүге-шігесіне дейін жазып, оның орыс қоғамындағы алған орнын, ерекшелігін тәптіштеп көрсетіп, қадір-қасиетіне терең үңіліп,  басылымға сыймай қалған дүниелерді сайттарға жариялап жатады. Осы  жолы да Глазунов жайында «Ком­со­мольская правдада» үздік жария­ланымдар берілді.

%d0%bc%d0%b8%d1%85%d0%b0%d0%bb%d1%8c%d0%ba%d0%be%d0%b2

– Суретшінің шым-шытырық тағды­ры туралы кітап та жазуға болар еді, ол алдағы уақыттың еншісіндегі жұмыс. Біз бұл жолы суретші өмірінің кейбір сәттерін сипай қамшылап  жазумен шектелмекшіміз, – дейді Е.Черных.

1956 жылы  Прагада жас суретшілер мен студенттердің Халықаралық  кон­кур­сы өтті. Ленинградтағы Репин атын­дағы институттың басшылығы бұл  бай­қауға өз студенттерінің үздік деген  жұ­мыстарын жібереді. Байқаудың  Гран-при жүлдесі  ешкімге белгісіз 26 жас­тағы студент И.Глазуно?втың «Түр­медегі ақын» (гитлершілердің қолынан қаза тапқан  Чехословакияның журна­лисі Юлис Фучикке  арналған) туын­дысына   беріледі.

Осы шағын шығармадан  мынандай көріністерді аңғаруға болады. Түрмедегі кешкі сейіл. Аулада жазасын өтеушілер түрлі іспен айналысып жүр. Олардың ішіндегі біреуі басын жоғары көтеріп, ымырттағы  көшіп бара жатқан бұлт­тарға,  қарлығаштардың самғауына үнсіз назар салып отыр.

Көп ұзамай  жеңімпазды  Мәскеуге шақырады. Одақтың орталық комсомол комитеті  суретшіге өнер қызметкер­лерінің Орталық үйінде  көрмесін өткі­зуге ұсыныс жасайды. Глазунов көрмеге 80 жұмысын қойды. Халықтың  нөпір болғаны сонша оларды атты әскермен таратуға тура келді. Батыс баспасөзі бұл  дүрлігуді «Жас суретші социалис­тік реализм салтанатын бұзып-жарды» деп баяндады. Америка сыншылары «Глазунов кеңес өнеріндегі жалаңаш әйел денесін жарыққа шығарды. Кеңес елінде  жалаңаш әйелді  спорттық  киім­мен ғана көрсететін. Ол  «Таң» атты кар­тинасында жалаңаш қызды сүйгенімен бірге бейнелеген» деп жазды. Ал «Франс-Суар» басылымы 26 жастағы Глазуновтың Мәскеудің интеллек­туалдық әлемін Достоевский кейіпкер­ле­рінің ішкі  дүниесімен таң қалдырды» дей келе, суретшінің Достоевский шы­ғармаларына  жазған иллюстра­циясын терең әңгімелейді.

%d1%84%d1%83%d1%80%d1%86%d0%b5%d0%b2%d0%b0

Осыдан бастап Глазуно?вқа күдік күшейді. Көрмесін тез арада жауып тастады. «Советская  культурада»  ұста­зы, кеңестік реализмнің  классигі, КСРО көркемөнер академиясының  пре­зиденті Б.Иогансонөз шәкіртін «бур­жуазиялық декаденттік»өнерді уағыз­даушы» деп айыптап мақала жазды.  Содан суретші  қудалауға түсті. Инсти­туттан шығарып жіберіп, іле-шала  қайта  қабылдап,  институтты «қанағат­танарлық» деген бағаға бітірді деген диплом беріп, оны  Ижевск қаласына сызу пәнінің мұғалімі етіп жіберді. Содан Ивановкаға жіберді. Бұл жерде оған қажеттілік жоқ  деген анықтама берді.

Содан бұл әупірімдеп әйелі Нина Виноградова-Бенуамен Мәскеуге келеді. Вокзалда жүк түсіруші болып істеп, пәтер жалдап тұрады. Бірақ, сурет салуын тоқтатпайды. Бір күні  оған кеңес балаларының бәрі жастанып оқыған атақты «Степа ағайдың» авторы, КСРО Жазушылар одағының  хатшысы Сергей Владимирович Михалковпен кездесу сәті бұйырады. Ол жөнінде кеңес  әдебиетінің  патриархы ұлы Андроннан(болашақ кино режиссері)  сырттай естіп біледі. Танысады.

Кейіннен «Біз үшеуміз пойыздың  тамбурында тұрған тәріздіміз, тіпті отыруға болмайды», – деп еске алды Михалков. – Осының бәрі әлгі  дүниені төңкерген көрмеден кейінгі орын алған оқиға. Осындай жетістікке жеткен адамды  қорлау  тек  біздің ғана  қолы­мыздан  келеді. Енді оған  қайтіп қол ұшын  беруді ойладым.

Кремльде өткен жаңа жыл кешінде ол Орталық комитеттің мәдениет жөнін­дегі хатшысы Фурцеваны биге шақы­рады. Ол биік  еркектерді жақсы көретін болып шықты. Бұл  кісі сол сәтті ұтымды  пайдаланып,  талантты суретші Глазуно?вты Мәскеуге тіркеуге көмектесуін сұрайды. «Ол жөнінде маған  айтылған пікірлер (оны идеоло­гия­лық диверсант деп  бағалайды) қан­шалықты  жағымпаз болса да Сіз үшін бас  тарта алмаймын», дейді  Фурцева ханым. Бұдан соң Михалков оған бір бөлмелі пәтер, шеберхана тауып береді. Лермонтов, Мельников-Печерскийдің кітаптарына иллюстрацияғатапсырыс алуға көмектеседі. Қысқасы, оны ұзақ уақыт  жоғары жақтан жиі  қорғап, үзбей қамқорлық жасайды.

%d0%b3%d0%bb%d0%b0%d0%b7%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%b2

1958 жылы көктемде оны Сыртқы істер министрлігі шақырды.  Швед  елшісі Сульманның  әйелі (қыз кезіндегі аты Зинаида  Оболенская) кезінде оның соңғы  жанжалға ұласқан  көрмесіне бол­ған көрінеді. Содан бері осы сурет­шіге портретін  жаздыруға армандаумен келеді екен. Бірде  Кремльде болған кездесу кезінде Сульман ханым Хру­щев­тің  көмегіне жүгінген екен. Әлгі бас тарта алмайды. Содан Илья өзінің жеке пәтері, шеберханасы жоқ екенін сылтау етеді. «Швед елшілігінде  жаза­сыз портретті» дейді министрлік­тегілер. – Мен онда қайтып барамын? Сосын маған Отанын айырбастады деген  айып тақпайма? – деп жүрексінеді.  «Қорық­паңыз,  портретке  бола ондай айып болмайды», – дейді министрліктің өкілі.

Сонымен «Кеңес үкіметінің жауы» деп танылған Сульман (Зинаида Обо­лен­ская) ханымның портретін салуға кіріседі.  Үстіне іліп алар киімі жоқ оған  шетел елшілігіне барып жұмыс істеу үшін арнайы костюм тігіледі. Сөйтіп оның алдынан жаңа бір кеңістік ашылып, тағы бір мүмкіндік берілді, әрине Михалковтың  арқасында.

Ханымға портрет қатты ұнайды. Бұдан кейін өзге елшілерден, олардың әйел­дерінен тапсырыс қаптайды. Гла­зунов портретист ретінде кең таныла бастайды. Оған Швеция, Испания королі, Рим папасы, БҰҰ-ның басшы­сы, Ф.Кастро, И.Ганди,  Шарль де Голль және дүние жүзінің ірі саясаткер, әлемдік мәдениет қайраткерлерінен тапсырыс түседі.«Бізде немене  Глазу­новтың  бояуына  лайықты адамдар  жоқ па?» деп Громыконың бұрқылдайтыны осы кез ғой.

1961 жылы Мәскеуде өткен Халық­аралық кинофестивальге атақты  актри­са Джина Лоллобриджида келеді. Бұл кісі де атақты суретшінің өзінің пор­третін салғанын қалайды екен. Глазунов оны  көргеннен жіпсіз байланып қалады. Уақыт өте тапшы еді. Суретші оның тек графикалық суретінғана салып үлгереді. Ол суретшіге  қолтаңбасын қойған суре­тін  сыйға тартып тұрып: «Мен көп су­рет­шілермен кездестім. Бірақ, олардың ешқайсысы да мені мұндай әсерге бөлей алған жоқ. Оның жан дүние­сіндегі ұлы өнер ұшқыны мені  тәнті етті. Осы   суретімді,  Сізге деген махаб­батымды  қабыл алыңыз.  «18.07.1961» деп жазған суреттің сыртына.

Бұдан кейін  суретші  актрисаға ғашық болып  қалады. Оған  осы сезімін жекізгенде, ол майлы бояумен  салған суретін көргісі келетінін айтады.  Ол үшін  актриса  Мәскеуде  қалуы керек,  не бұған Римге баруы керек. Ал шетелге  бару деген сөз,  ол кезде  қаш­қын,  сат­қын  аталумен бірдей. Алайда,  Джина  дегеніне жетіп,  оны  1963 жылдың  көктемінде  Римге шақырады.  Суретші  әупірімдеп  жүріп барады. Есесіне кере­мет махаббат майданын бастап кешеді, ғажайып портрет  дүниеге  келеді. Амал жоқ, елге қайтуға тура келеді. Джина  кетерінде  «Қайда барасың, түрмеге кетіп  барасың ғой», – дейді. Айтқандай, бұдан кейінгі  суретші өмірін азапты  жылдар күтіп тұр еді. Бірақ,  бұл соның  бірде-біріне де мойымай,  кеңес  бейне­леу өнерінде  құбылыс жасады,  жұрт таңдай қағатын кереметтер тудырды, аса  ұлтшыл суреткер атанды.

Керек дерек

«Комсомольская правданың» арнаулы тілшісі болған

Оған даңқ әкелген, ең танымал туындысы «ХХ ғасыр Мистериясы» (3х6) деп аталды. Оның алғашқы жобасын 1977 жылы жазды.  Онда­­ғы кейіпкерлері – Ленин,  Ста­лин, Гитлер, Черчилль, Рузвельт, Мао   Хрущев,  Чаплин, Толс­той, Сто­лы­пин, «Битлз», Джаггер. Ортада аппақ киінген Ғайса пайғамбар тұр.

Бұл туынды бірден сынға ұшырады. Солженицынның орнына Брежневті салуды ұсынады. Ол бірден бас тартты. 1977 жылы Мәс­кеуде оның көрмесі өтетін болды. Ол бұл көрмеге «Мистериясы» қойыл­майтын болса,  онда ашы­луына қарсы екенін мәлімдеді.  Жан­жал басталады.  Атақты Щелоков: «Ойланыңыз. Сіздің балаларыңыз бар ғой. Болмаса сізді еңбекпен түзеу лагеріне жібере аламыз», –деді. Глазунов сонда да  қайтпайды. Енді Андропов   ашуға мінді. «Мұн­дайларды есірте бермеу керек. Сібірге, БАМ-ға екі айға жіберіңдер. Құрылысшылардың өмірін жазсын» деді. Бұл сапардан да ол ғажайып портреттер жазды. Глазунов  ешқа­шан сарай суретшісі болған емес. Ол Въетнамның АҚШ-пен  соғысында  да болды.  «Комсо­мольская правданың» арнаулы тілшісі ретінде Чилиде, Кубада болған.

Ақыр соңында кеңес адамдарына «Мистерияны» көру бақыты бұйырды. Қайта құру тұсында  оны көруге келгендердің тізімінен көшелерде кептеліс пайда болды. 1999 жылы суретші оның жаңа жобасын (3х8) жасады. Горбачев, Ельцин, Колбинжәне де  ғасырдың соңындағы басқа да тұлғалармен толық­тырды.

 

Қ.ИМАН.