Көрме аясында Гала-концерт өтеді

13268145_1573897125967309_3802409982685241632_o

Тамыздың 23, 24, 25 Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Құрман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва­ториясы ұжымдарының Гала-концерті өтеді.

Кешеннің солтүстік-батыс бөлігінің саябақ аумағында орналасқан көрменің басты ойын-сауық алаңы ЭКСПО Амфи­театры сахнасында ашық аспан астындағы үш жазғы музыкалық кеш өтеді.

Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымдары­ның музыкалық жан-жақтылыққа толы кон­церттік бағдарламасы әлемге танылған орын­даушылар мен консерваторияның жас та­лант­тарының орындауында симфониялық, хор, үрмелі және халық музыкасы ұсы­ны­лады.

Пианист Жәния Әубәкірова күтпеген музыкалық сыйлық дайындауда. Пюпитр­ларда Бахтың емес, «Гарри Поттер» және «Кариб теңізі қарақшыларының» партитура­лары орын алады. Консерваторияның симфо­ниялық және қазақ ұлт-аспаптар оркестр­лерімен бірігіп ҚР Халық артисі сүйікті фильмдерден саундтректер орындайды.

Сонымен қатар, концерттерге халық­аралық музыкалық сыйлықтардың лауреат­тары қатысады, солардың бірі – «Гремми» сыйлығының иегері, скрипкашы Геза Легоц­ки (Швейцария). Алғашқы рет Ас­танада өзін­дік орындаушылық шеберлігімен ерек­шеленген жарқын итальяндық трубашы Марко Пьеробон өнер көрсетеді. Шақыр­тыл­­ған қонақтардың бірі қазақстандық тың­дармандардың сүйікті әншісі Карина Абдул­лина.

Ұжымдар әр түрлі жанрлық бағдарлама ұсынады – тыңдарман­дарды классикалық және заманауи музыка негізінде жасалған ерекше музыкалық эксперементтер күтіп тұр. Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында әлемдік классика мен эстраданың жауһар­лары жаңа виртуоздық өңдеуде шырқалады.

Көрме қонақтары хор, симфониялық, қазақ ұлт-аспаптар және үрмелі аспаптар оркестрлерінің орындауында қазақ компози­тор­ларының көп орындалмайтын шығарма­ларымен жаңа компози­цияларды тыңдай алады.  Сахнаны креативті безендіру, ерекше жарықтық шешім, арнайы бейнелік сүйе­мелдеу тыңдаушылардың музыкалық әсерін күшейтуге септігін тигізеді.

Концерттердің басталу уақыты 21.30. Концертке кіру ЭКСПО-2017 көрмесіне кіру билетінің құнына енгізілген.

 

 ЭКСПО аясында веложарыс өтеді

12 тамыз, сенбі күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Astana EXPO 2017 Іnternatіonal Crіterіum» кәсіби тас жол веложарысы өтеді.

Амфитеатр сахнасында критериум қатысушыларын таныстыру сағат 12.00-де және 13.00-де жарыстың салтанатты сөресі өткізіледі.

Велошабандоздар тобы жарыс пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін Байтерек монументі жанындағы көшелер шеңберіндегі критериум орнына бағыт алады.

Веложарысқа Әлемдік турнирдің кәсіби командасы, континеттік командалар және Гранд-турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған Ұлттық құрама командалары, велоспорт бойынша Олимпиада ойындарының медалистері жалпы әлемнің 15 мемлекетінен 20 команда қатысады. Британдық Team Sky клубының мүшесі «Тур де Франс» жеңімпазы Крис Фрум және оның клубтасы «Астана» командасының құрамында өнер көрсеткен Микель Ланда, сондай-ақ, Astana Pro Team көшбасшысы Фабио Ару жарыс хэдлайнері болады.

Бағдар «Байтерек» монументі айналасында Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері бойынша 1,6 шақырымды құрайтын 30-35 айналымнан тұрады.

Сағат 13.30-14.30 аралығында (Астана уақыты бойынша) «Eurosport2» және «Kazsport» телеарналары веложарыстың тікелей эфирде трансляциясын жүргізеді. Атақты ресейлік журналист, «Eurosport» телеарнасы орыс редакциясының «алтын дауысы» Сергей Курдюков комментатор болады.