АРЫҚТАР ЖАҢАРЫП, КӨПІРЛЕР КӨБЕЙІП ЖАТЫР

1

Алматыда биылғы жылы ұзын­дығы  14,7 шақырым арық же­лі­лері салынып, 52 көшедегі 42,2 шақы­рым арық қайта жаса­луда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында қаланың арық желілерін салу мен қайта жасау,  сонымен қатар, арна аңғар­ларын мықты­лау жұмыстарының бары­сын тексерді.

Бауыржан Байбек Алатау ауда­нының «Алғабас» ықшамауданындағы Теилов, Момышұлы, Соқпақбаев, Қал­даяқов, Лермонтов, Сәтпаев, Мәметова, Бажанова, Абай, Байтұрсынов және Рысқұлов көшелері бойындағы арық желісін салу мен құрғату жүйесінің жұмысын тексерді. Ықшам елді-мекенде ұзындығы 7 шақырым болатын арық арналарына лотоктар төселуде, терең­дігі 2 метр, ал ұзындығы 2 шақы­рым болатын жекелеген учаскелердегі траншеяларға тренажды турбалар тарту жұмыстары жүріп жатыр. «Тепло­энер­гетик» және «Энергостроитель» саябақ­тар арқылы ағатын Қарғалы өзенінің жекелеген учаскелерінде тазарту, жөн­деу және қалпына келтіру жұмыстары да қарқын алған.

Алматы әкімі Наурызбай ауданын­дағы Надыров, Тәжиев, Құлыбеков, Сланов көшелері бойымен өтетін ұзын­дығы 4 шақырымнан асатын арық желі­сінің құрылысын да тексерді. Аудан әкімі Сайран Сайфеденов бұрын бұл көшелерде арық жүйелерінің болма­ғанын, бүгінгі күнге дейін 1,3 шақырым жерге жаңа арық желілері мен жауын канализациясының тартылғанын айтты. Арық желілеріне қатысты құрылыс жұ­мыстарын биылғы жылдың қазан айын­да аяқтау жоспарланған.

2

Атап өтерлік жәйт, ұзындығы 14,7 шақырым болатын жаңа арық салумен қатар 57 көшедегі ұзындығы 42,2 шақы­рым болатын арық жүйесі жаңар­тыл­ды, сегіз аудан әкімдігінен ұзындығы 500 шақырым болатын 488 көшеде жаңа арық­тар мен жауын канализацияларын салу­дың жобалық-сметалық құжатта­мала­рын дайындау үшін өтінімдер түскен.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Кіші Алма­ты» өзені ағып өтетін Жетісу ауда­нын­дағы Волочаевская көшесі бойындағы су аңғарларын және Медеу ауданындағы Таиров көшесі мен Бостандық ауда­нындағы «Бағанашыл» ықшамауданын­дағы биік беткейлерді мықтылау жұ­мыс­тарын да тексерді. Бұл учаскелерде тор жәшіктерден (габионды конструк­циялардан) жасалған қорғаныс қабыр­ғалары орнатылып, жер асты жұмыс­тары жүріп жатыр.

Жетісу ауданындағы беткейдің ұзын­дығы 345 м., биіктігі 7 метрге дейін. Қазіргі кезде мұнда қажетті жұмыстың басым бөлігі аяқталған, жиналған топы­рақтың 90%-ы сыртқа шығарылған. Орта қысымды газ жүргізу арқылы техно­логиялық процесстер қамтамасыз етілген, жоғары қысымды су құбыр­лары бойынша, демонтаж және монтаж­дау жұмыстары жүзеге асып, электр желілерінің тіректері жылжытылған. Осы учаскедегі  жұмысты биылғы жыл­дың 1 қазанына дейін аяқтау жоспар­ланған.

Медеу ауданындағы беткейлердің ұзындығы 470 метр. Қазіргі кезде мұнда ұзындығы 410 метрден асатын жердегі металл қоршаулар, бетон блоктар, ағаштан салынған шағын құрылыстар алынып тасталған және сыртқа 1600 текше метрден астам қоқыс шығарыл­ған. Жұмысты биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Бостандық ауданындағы «Бағана­шыл» ықшамауданында беткейлерді мықтылау жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр, скважиналар бұрғыла­нып, топырақтың құрамы анықталуда. Жобалаушылар топырақтың сейсмика­лық жағдайға төзімділігі мен құрамына қарай мұндағы тірек қабырғаларының түрін жасайтын болады. Қазіргі кезде беткейі бұрғыланып, одан шыққан топырақ сыртқа шығарылуда. Жұмысты биылғы жылдың қазан айының соңына қарай аяқтау жоспарланған.

Бостандық ауданындағы «Ақтөбе» ықшамауданында үш жеке тұрғын үйлер мен 12 жер учаскесін біріктіретін көпір­ді қайта жасау жұмыстары аяқталды. Мұнда да бұрынғы темірбетон қоршау­лар алынып тасталды, мононолитті темірбетонды қондырғылар орнатылды, өзеннің түбіне тікбұрышты темірбетон құбыр­ларының астына плиталар төсе­ліп, көпірдің үстіңгі жағына  металл қоршаулар орнатылатын болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезек­ті жұмыс сапарында Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтың және әлеуметтік нысандардың құры­лыс барысын, сонымен қатар, Қарғалы өзе­ні бойының абаттандырылуын тек­серді.