АЛАТАУ – АЛМАТЫНЫҢ ДАМУ АЙМАҒЫ

«Индустриалды аймақ және өнеркәсіп» тақырыбында «Alatau ІNVEST» форумы өтті

20170810_105225

Нұрлан СҮЙІН

Мегаполистің жетінші ауданы – Алатау оңтүстік астананың страте­гиялық, индустриалды-инновация­лық даму аймағы саналады. Аудан құрылған тоғыз жылда «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша салынған құрылыстың 80 пайызы «Универ­сиада-2017» ойындарының басты нысандары, «Ала­тау» дәстүрлі өнер театры сияқты әлеуметтік-мәдени ны­сандар бой көтерді. Алатау ауданында ашылған мемлекеттік маңызды нысандардың бірі – Индустриалды аймақ.

Ауданда өткен «Alatau ІNVEST» ин­вестициялық форумының тақырыбы да «Индустриялды аймақ және өнеркәсіп» болып, Алматыға инвестиция тартып, өндірістік секторды дамыту талқыланды.

Бүгінде 13 жаңа өнеркәсіп өндірісі Алматыда индустриалды аймақта құры­лысын жүргізуде.

2019 жылға дейін балмұздақ өндірісі фабрикасы, етті қайта өңдеу кешені, мұнай өнеркәсібі үшін қағазды ыдыстар, құбыр­лар және т.б. шығару бойынша зауыты бар жаңа жобалар іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы «Алматы қаласының Индус­триалды аймағы» (ИА) ЖШС бас дирек­торы Әділ Бөрлібаев хабарлады.

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қазіргі уақытта ком­муналдық қызметтерді төлеу арқылы мемлекеттің инфрақұрылым құрылысына салған қаражаттарын қайтаруда. Сондай-ақ, Бөрлібаев жердің бос алаңдары бойынша резерв бар кезде қатысушы инвесторларды өздерінің өндірістерін Индустриалды аймағының аумағына орналастыруға шақырды. Көзделген 275,6 гектар бос жер телімінің өндіріс құрылысын салуға арналған бос жер телімі 75 гектарды құрайды. Индустриалды аймағының аумағына орналас­тырудың артықшылықтарына қатысты спикер шығындардың түпкілікті арзандағанын атап өтті. Яғни, жер телімін жалға берудің мөлшерлемесі жылына бір шаршы метр үшін бар-жоғы 42 теңгені құрайды. Сондай-ақ, Алматы қаласының орталы­ғына тікелей жақын орналасқан жер телімінің болуы артықшылық болып табылады. Қазақстанның ең ірі қаласы – бұл еліміздің барлық өңірлерін байла­ныстыратын әрі өтім нарығы, әрі логистикалық орталық.

Сонымен қатар, форум барысында Алатау ауданы әкімінің орынбасары Қайыржан Жақсымбетов ауданның инвест әлеуеті туралы айтып берді, оның дамуына 2008 жылдан бері (құрылған сәттен бастап) бюджеттен 300 млрд.-тан астам теңге бөлінді. Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9 жылдың ішінде 3 миллиард теңгеден 100 миллиард теңгеге дейін өсті. Ауданның тауар айналымы 889 миллион теңгеден 772 миллиард теңгеге дейін өсті. Әкімнің орынбасары инвест ахуалды жақсарту бойынша, басты міндеттердің бірі шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылатынын атап өтті. Қорыта айтқанда, «Индустрияландыру картасы» бағдар­ламасының шеңберінде Алатау ауданында 25 жоба іске асырылуда, оның 24 жобасы шамамен 5000 жаңа жұмыс орындары құрыла отырып, инвестицияның 107 миллиард теңгеден астам жалпы көлемімен Индустриалды аймақ аумағында орна­ласқан. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 104 жаңа жұмыс орындары құрыла отырып,  619 миллион теңге сомасын­дағы 9 жоба мемлекеттік қолдау алды.