Ұлт саулығын көздейтін бағдарлама

1502338045_article_b_1500_

Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданған болатын. Медицина саласын дамытуды көздейтін бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы кеше Үкіметте баспасөз мәслихаты өтті. Оған Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.
«Денсаулық» бағдарламасы ең алдымен халықтың денсаулығын нығайтып, олардың өмір сапасын жақсартуды көздейді. Үш жылға жоспарланған бағ­­дар­­ламаның басты 7 бағыты бар. Оның біріншісі – қоғамдық денсау­­лықты қорғау. Бұл бағыт бойын­ша министрлік ұлт саулы­ғын ны­ғайтуды көздейтін қоғам­дық ден­саулық қызметін құрған. Ел өңір­лерінде ашылып жат­қан мұндай қызмет түрлері әртүр­лі аурулар­дың алдын алу жол­да­рын іздес­тіріп, халыққа неғұр­­лым қолже­тімді әрі тиімді тетік­терін қарас­тырады. Оның алғаш­қы легінде санитарлық-эпиде­мио­логия­лық жағдайды тұрақты сақтау, сыр­қат­тарды емдеу барысында заманауи тәсілдерді қолдану мәселесі тұр.

http://egemen.kz