МҮГЕДЕКТІК – СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС!

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%84%d0%be%d0%bd

Жақында «Анашым» жеке қоры  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Алматы – Ыстықкөл бағытында соқыр және нашар көретін адамдар арасында «Қозғалыс қуаты» жобасы аясында бірінші халықаралық веложарыс ұйымдастырады.

Сөйтіп, 18 мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған команда жол полициясы   сүйемел­деуімен 5 күн бойы Алматы-Бішкек-Ыстықкөл бағыты бойынша 500 шақырым­ды жүріп өтпек. Атап өтетіні, өткен жылы 9 адамнан тұратын бұл команда өзінің алғашқы веломарафонында Алматы–Астана арасын қосқан 1200 шақырымдық қашықтықты еңсерген болатын. Биыл командада адам саны көбейіп, веложарыс халықаралық дәрежеге ие болды. Енді олар көршілес екі елдің арасын қоспақ. Ал келер жылы бұл теңдесі жоқ жоба – «Континент жалғау» атты веложарысқа ұласады деп жоспарлап отыр.

Марафон қорытындысында, спортшылар Ыстықкөлге саяхат жасағысы келгендерге онлайн-карта   жасап, туризмді насихаттау арқылы екі елдің мүмкіндігі шектеулі жандарына жағдай жасалуына ықпал етпек. Осы ретте, жоба жетекшісі Бақтияр Базарбековтің айтуы бойынша, бұл белсенділік тек өздері үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл жастарға үлгі болып, барлық қазақстандықтарды салауатты өмір салты мен белсенді өмірді қолдауға шақыру мақсатын көздейді екен.

Баспасөз-мәслихатына ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Ирина Смирнова, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Қалтаева және нашар көретін марафоншы, альпинист Кенжегүл Сейтжан қатысады деп күтілуде.

 

 «Ақшам-ақпарат».