ЖОЛ ЖАБЫЛАДЫ

Қалалықтар қаперіне!

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша Кіші Алматы өзені бойындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге орай биылғы жылдың 3 тамызынан бастап Елебеков көшесі бойымен (Заводская)  Луганский көшесінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады.

 

ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕЛЕДІ

Қалалықтар қаперіне!

Алматыда жылу жүйелерін қайта жасауға байланысты қаланың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

 

Алматыда магистральді  жылу  жүйелерін жоспарлы түрде қайта жасауға байланысты қаланың бірқатар көшелерінде  көлік қоз­ғалысы қысқа мерзімге шектеледі.

 

4 тамызда сағат 23-тен бастап 7 тамыз күні таңғы сағат 6-ға дейін Наурызбай батыр көшесі бойымен Төле би  көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады;

–  Төле би  көшесі бойымен Б. Момышұлы көше­сінен Яссауи көшесіне дейін;

–  Пушкин көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін көлік қозғалыстары шектеледі.

Қала тұрғындарына уақытша келеңсіздікке түсіністікпен қарауды және осы учаскелерде өз бағыттарын алдын-ала қарастыруды  сұраймыз.

 

* Алматының жылу жүйесі торабында  апатты  жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу үшін бұрынғы ескірген құбырлар заманауи құбырлармен алмастырылып, инже­нерлік жүйелер қайта жасалуда.

 

Анықтама  телефоны: 378-06-48; 378-06-62.

 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС.