Қысқа, ашық-шашық киім, хиджаб кигендер оқуға қабылданбайды

%d1%85%d0%b8%d0%b4%d0%b6%d0%b0%d0%b1

Өзбек БАҚ-тарының хабарлағанындай, биылғы жылы Әндіжан мемлекеттік университетіне хиджаб киген абитуриенттердің құжатын қабылдамаған. Жоғары оқу орнының өкілдері бұл ақпаратты растады. Ташкенттен арнайы бұйрық түскен.

Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік кодексінің талаптарына орай (оның ішінде діни ұйымдардың қызметкерлері де бар), қоғамдық орындарда дұрыс киінбеген азаматтарға 5 және 10 орташа айлық көлемінде айыппұл салынып, тіпті, 15 тәулікке дейін әкімшілік тұтқындау қолданылады.

Жергілікті жердегі ақпарат деректеріне сүйенсек, оқу орнына құжат тапсыру кезінде қысқа шортик пен юбка кигендерге де оңай болмаған. Атап айтқанда, Өзбекстан жоғары оқу орны өкілдерінің айтуынша, Науаи мемлекеттік педагогикалық институтына ашық-шашық киінген абитуриенттердің құжаты қабылданбаған. Бұл мәселе оқып жатқан студенттерге де қатаң ескертілген. Бұлар – болашақ ұрпаққа тәлім беретін мұғалімдер. Сондықтан оларға қойылатын талаптар да қатаң болуы керек дейді аталмыш институттың қызметкерлері.