БЕЛАРУСЬ ҚЫЗЫНЫҢ БАТЫЛ ҚАДАМЫ

%d0%b2%d0%b8%d0%be%d0%bb%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b0-%d1%81%d0%ba%d0%b2%d0%be%d1%80%d1%86%d0%be%d0%b2%d0%b0-1

Италияның Гроссето қала­сында өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпио­натында алтыннан алқа таққан  19 жасар Беларусь жеңіл ат­леті Виолетта Скворцованың патриоттық батыл қадамы көпті сүйсінтті. Бұл туралы Беларусь жеңіл атлетика фе­дерациясының баспасөз қыз­метіне сілтеме жаса­ған NUR.KZ. хабарлады.  

Ғаламторда  ютуб арқылы бұл роликті   екі миллионға жуық  адам тамашалап, Виолеттаның  бұл қада­мын жоғары бағалаған. Ал, Минск қаласындағы пиццериялардың бірі тіпті оған мекеменің ас мәзірінен кез-келген тағамды аптасына бір рет тегін алуына болатын бір жылдық сертификатты сыйға тартқан.

Айта кетейік, Виолетта Сквор­цова  үш қарғып секіруден 14 метр 21 сантиметр нәтижемен жеңімпаз атанды.  Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде өз елінің әнұранын ести алмаған Беларусь қызы батыл қадам­ға барып, қате қойылған әнұранды тыңдағасы келмей, жеңіс тұғырынан түсіп кеткен. Ресми өкілдер спортшы қыздан тұғырға оралуын талап етіп, егер оралмаған жағдайда жарыстарға қатысу құқығынан айыратынын айтып, қорқытады. Ұйымдастыру­шылардың  шатасып, басқа елдің әнұранын қойғанын  айтқан Виолет­та салтанат­ты рәсімге оралудан бас тартады.  Өз елінің патриоты Сквор­цованың табандылығына таңдай қаққан ұйымдастырушылар спорт­шы­дан кешірім сұрап, марапаттау рәсімін екінші мәрте қайта өткізуге мәжбүр болған.

– Мен алғашында не болғанын түсінбей қалдым. Мүмкін әнұранның басқа нұсқасы қойылған болар деп ойладым. Кейін өзім үшін, елім үшін де өкінішті жағдай болды. Ұйымдас­тырушылар тарапынан үлкен қателік кетті. Тұғырдан түсіп бара жатып, мараппаттау рәсімінің ержесін бұзып тұрғанымды, тіпті осы әрекетім үшін медальдан айырылатынымды, маған санкция салуы мүмкін екенін де жақсы түсіндім. Алайда сол кезде намысын қорғаған туған елімінің әнұраны шырқалмағаны мен үшін өте ыңғайсыз жағдай болды. Осы бір санаулы сәттер үшін аянбай еңбек етеміз. Мен мара­паттау рәсімінен кейін елімнің туын жамылып, қатты жүгіргім келді. Тұғырда тұрып, өз мемлекетімінің әнұранын естігім келді. Елімнің туы толық көтерілгенше күте тұрып,содан соң басқа елдің гимні аяқталғанша тұғырдан түсіп кеттім. Мен өз Отаны­ма деген махаббатымды сөзбен жеткізе алмаймын. Көп елдерде бол­дым, спортшы ретінде әлемді аралап жүрмін,әркез еліме сағы­нышыммен ораламын. Елімнің әнұранын жатқа білемін. Келесі күнгі қайта марапаттау кезінде толықтай айтып шықтым. Ұйымдастырушы­лардан кешірімді жазбаша беруін де талап етіп, қағазға түсірттік. Әрине, өзім де  күміс пен қоланы еншілеген  спортшы қыз­дар­дан салтанатты рәсімді бұзғаным үшін,болған жағдай үшін кешірім сұрадым. Олар түсініс­тікпен қабыл­дады. Әріп­тестерімді, спортшы­лар­ды, құрдас­тарымды  туған елі мен жерін сүюге, тарихыңды құр­мет­теуге  шақы­ра­мын. Меніңше, әрбір спортшы өз елінің патриоты, оны құрметтеуі,  шексіз сүюі  қажет, – дейді  Вио­летта.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».