Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 3/293 қаулысы

Алматы қаласының Әділет департаментінде 2017 жылдың 21 шілдесінде тіркелген, № 1395

Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, сонымен қатар, ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан Алматықаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф электрондық жүйе арқылы төлеу барысында келесі мөлшерде белгіленсін:

жол ақысын электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80  (сексен) теңге;

жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.

  1. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген

тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Дәрібаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласының әкімі       Б.Байбек