Ұлы бір күндік төңкеріс те таяп келеді…

aec9fbf8187ba457d814d264ddbc88fa_xl

Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі жақындаған сайын жас түлектердің де жүректері лүпілдеп, қобалжуы арта түсетіндігі баршамызға аян. Мамыр айы – біреуге қарқынды дайындық уақыты болса, енді біреуге үрейі ұшып, күйзеліске тап болатын кезі. Ал сынақ алаңынан бағын сынаушы түлектердің өзіндік нұсқасы мен қайталанбас тарихы бар. Бірі қуанышын білдіріп жатса, бірі мұңын шертіп, өкпесін білдіреді. Көп оқушы ҰБТ-ны өмірдің соңы деп түсінеді. Алайда, бұл керісінше, жарқын болашақ жолына түсу амалдарының бірі болып табылады. Тағы бір айтатын мәселе, көп талапкерлер төмен нәтиже еншілеуіндегі басты себеп – мұғалімнен алған бұрыс білім деседі. Тіпті, олай деуінің де өз себептері бар шығар. Бірақ, жанын салып, бала оқытуда аянбай тер төгіп жүрген талай  ұстаздар еңбегін обал қылу ұят қылық емес пе? Ұстаздар – тек мадақтауға лайықты жандар!

Осы күнге дейін бір байқағаным, «Алтын белгі» иегерлерінің, оқу үздіктерінің осы тестке байланысты сыни көзқарас білдіріп, айып таққандарын естімеппін. Олай болса, ұлттық біріңғай тестілеу орталығына, мұғалімдерге өкпелі – тек тесттен сүрінген жандарымыздың болып тұрғаны ғой?! Ендеше, нәтижесі – бәріне аян. Солай емес пе?! 11 жыл бойы мектеп қабырғасынан алған білімнің  нәтижесін жақсы шығару үшін алдымен, үрей, қорқынышты артқа тастап, көп еңбектену қажет аяулы жас талапкерлер. Жеке таразылап көрген бір үзім ойым осы.

Ал, алдағы уақытта ҰБТ алаңынан өтетін іні-қарындастарыма тек сәттілік тілеймін! Еліміздің болашағы – мына сіз бен біздің қолымызда!

Дина ТҰРСЫНХАН,

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің

3-курс студенті