СЫНҒА САБЫР САҚТА!

%d0%be%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%b0-1-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Кей адамдар ризық Беруші, Жалғыз Жаратушыны сөгіп, бала­ғаттайды. Ал әділетсіз, тұла бойымыз кемшілікке толы болған біз олардан не күтеміз?! Сон­дықтан да өмірде кешірімі жоқ, аяусыз ащы сындардан тұратын қақтығысқа жолығарың сөзсіз. Сен жерге кіріп немесе көкке ұшып құтылмасаң, олар сен жайлы әңгіме айтуларын тоқтатпайды. Адамдар арасында болсаң, ренжітетін, жылататын, жүрегіңді ауыртатын, тыныштығыңды бұзатын істерді күте бер. Негізінде, жерге отырып алған адам құламайды. Адамдар өліп жатқан итті теппейді. (Яғни, сен пәс, өлік ит сияқты болсаң, саған тиіспейді). Бірақ сен олардан игілік, білім, әдеп, мал-дүние жағынан озып кеткенің үшін, олар саған ашуланып, күндеп, жек көреді. Сен өз бойыңдағы бүкіл жақсы сипаттарыңды, талант-қабілеттеріңді, Алланың берген нығметтерін тастап, ақымақ болмаға­ныңша, олардың қасында күнәсі кешіріл­мес күнәһар болып табыласың. Шын мәнінде олар сенен осыны қалайды. Енде­ше, сен олардың сөздеріне, сындарына, кемсі­тулеріне төзе біл! Егер сен олардың сөздеріне құлақ асып, жан күйдіретін болсаң, өміріңді лайлатып, олардың мақ­саттарының орындалуына көмек­тескен боласың. Сондықтан көркем түрде кешір. Олардан бет бұр. Олар­дың айла-қулықта­рынан мазасыз­данба. Олардың ой-өрістерінің тарлығы салдарынан сынап жатқан­дары – саған берілген жақсы баға. Салмағыңа қарай осындай сындар бола­ды. Сен олардың ауыздарына қақпақ бола алмайсың. Олардың тілдерін мүлдем байлап қоя алмайсың. Бірақ, олардың сындарын, айыптау­ларын көміп тастауға, сөздеріне мән бермеуге шамаң жетеді. Тіпті сенің өз жақсылықтарыңды молай­тып, қате­ліктеріңді түзетумен олардың үндерін өшіруге шамаң жетеді. Ал егер сен жұрт­тың бәріне сыйлы, қате-кемші­лік­терден таза болуды қаласаң, онда сен мүмкін болмаған нәрсені қалау­дасың…

«Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы.