ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА МҰҚТАЖДАРДЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!

2020 жылға дейінгі «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылыс бағ­дарламасының «Қазақстан ипо­текалық компаниясы» ипотека­лық ұйымы» акционерлік қоға­мы­ның тұрғын үйі» бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекция­сының бас­қармасы 2017 жылдың 12 —16 маусым аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы қосымша өті­ніш­тер мен құжаттарды қабыл­дайды.

Электрондық веб-портал арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталы­ғы­нан (ХҚКО) электронды сан­дық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан ипотекалық ком­паниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы, Алатау ауданының «Алға­бас» ықшам ауданында орналас­қан Атлетика ауылындағы 322 (бір бөлмелі-322) дайын пәтерлерді сату жоспарланған.

Пәтердің бір шаршы метрі, са­тып алу арқылы жалға алғанда, жал­дау мерзімі – 20 жыл бол­ған­да, шамамен 1036 теңгені құрай­ды.

«Қазақстан ипотекалық ком­паниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі» бағыты бойынша – жергілікті атқарушы органда кезекте тұр­ғандар, «Тұрғын үй  қатынастары  туралы» Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақ­шаларында көрсетілген  тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:

көп балалы отбасылар;

толық емес отбасылар;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

оралмандар;

мемлекеттік қызметшілер, әс­кери қызметшілер, арнаулы мем­лекеттік органдардың қызмет­керлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

1 және 2-ші топтағы мүгедек­тер.

Аталған бағыттың  қатысушы­ларын қалыптастыру мынадай кіші топтар  мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-кіші топ – жергілікті атқа­рушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдар­ламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар.

Бөлінетін тұрғын үй нор­ма­лары:

1-кіші топ қатысушылары үшін  50 % ;

2-кіші топ қатысушылары үшін  50 %.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсе­тілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкін­діктерін растау.

Адам басына пайдалы алаңы­ның көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ   кемінде   бір бөл­­мелі пәтер немесе жатақха­надағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын   жақсарту мақса­тымен тұрғын үйге мұқтаждар есе­бінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберіл­мейді.

Бағдаламаның негізгі талап­тарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсы­рады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

3) өтініш берушінің және оны­мен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республи­касының аумағы бойынша мен­шік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) өтініш берушінің және оны­мен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғы­лықты жері бойынша   тіркелгені  туралы мекенжай анықтамасы;

5) өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;

6) отбасы мүшелерінің мүге­дек­тігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып,  тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

8)  өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

Бағдарламаға қатысу­шылар­ды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш   берушінің  тиісті табы­сы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытын­дағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бағыттары  шегін­де сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағ­дарламаға қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алы­нады.

 

Т.Абилов,

басшының орынбасары.