«Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы «Qadam іntech» қоғамдық қорымен бірігіп журналистерге арналған қалалық «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» байқауын өткізеді

Байқаудың мақсаты — журналистер қауы­мын Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының жүзеге асырылуын, Алматы қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігін жариялауға тарту, сондай-ақ, журналистердің шығармашы­лық әлеуетін ашу және оларды ынталан­дыру болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев­тың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама­лық мақаласының, Елба­сының Бес институционалдық рефор­масы, Елбасының алға қойған көкейкесті міндеттерінің жүзеге асуы туралы, соны­мен қатар, Алматы қала­сының әлеумет­тік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістік­тері туралы материалдар қабылданады.

2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 15 маусымға дейін жарияланған (жарияла­нымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телеви­зиялық және радио бағдарламалар, журна­листік зерттеулер және тағы басқалар) не­месе эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материал­дарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 15 маусымы (алына­тын күн). Ұсы­нылатын материал­дарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық материалдар тізімі қоса беріледі.

Жеңімпаздарды жариялау келесі жеті номинация бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

  1. Үздік телевизиялық сюжет;
  2. БАҚ-тағы үздік жария­ланым;
  3. Үздік радиоматериал;
  4. Ақпараттық агенттіктер лента­ларында жарияланған үздік жарияланым (интернет-ресурстар);
  5. Әлеуметтік желілерде жарияланған үздік жарияланым (блогерлер материал­дары);
  6. Үздік фотоматериал;
  7. Үздік инфографика.

Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, каб. 501, 509, тел. 2716648, 2729727, smі@ uvp. almaty.kz, smі-dvp@maіl.ru.