АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 4 КҮН ДЕМАЛАДЫ

Биыл Астана күні мерекесіне орай қазақстандықтар Қазақстан Рес­­публикасы Үкіметінің қаулы­сына сәйкес төрт күн демалады. Елі­міз­дің бас қаласының туған күні – 6-шіл­­де. Қазақстан Республи­касының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тар­мағына сәйкес және жұмыс уақы­тын ұтымды пайдалану мақ­сатында  қаулыға орай 2017 жыл­ғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде  жұ­маға ауысты­рылды. Ал, 8-9 шіл­де – сенбі, жексенбі. Сон­дық­тан қазақ­стан­дықтар шілде айының 6-9 күн­дері демалатын болады.