ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ «МЫҢ БОЯУЛЫ ҚАЛА – ГОРОД ТЫСЯЧИ КРАСОК» БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

І.     Жалпы бөлім

  1. Журналистер арасында өтетін қалалық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» аясында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты — журналистер қауымын Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының жүзеге асырылуын, Алматы қаласының бүгінгі тыныс-тіршілі­гін жариялауға тарту, сондай-ақ, журналис­тердің шығармашылық әлеуетін ашу және оларды ынталандыру болып табылады.

  1. Байқаудың міндеттері:
  • Әкімдік пен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты арттыру;
  • Журналистер назарын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласы­ның, Елбасының Бес институционалдық реформа­сының іске асырылу барысын жариялауға аудару.
  1. Жеңімпаздарды анықтау және дип­ломдар тапсыру «Байланыс және ақпарат қыз­меткерлері күні» мерекесімен сабақтас­тырылады.
  2. Жеңімпаздарды айқындау және сый­лықтарды тағайындау Байқау комиссия­сының шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала әкімдігінің қызметкерлері кіре алады.

Байқау комиссиясы сыйлық алуға талпы­нушылар мен дипломдар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

  • материалдардың объективтілігі;
  • кәсібилік және мазмұндай шеберлігі;
  • мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;
  • материалдар туғызған қоғамдық резонанс;
  • жұмыстардың шығармашылық толым­дығы;
  • көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі.
  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру Алматы қаласы әкімідігінің жанынан құрылған ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер­лерге, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

 

ІІ.   Байқауға қатысу шарттары

  1. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ-тар мен журналистер шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы­ның, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының, Елбасының Бес институционалдық реформа­сы, Елбасының алға қойған көкейкесті міндет­терінің жүзеге асуы туралы, сонымен қатар, Алматы қаласының әлуеметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістіктері туралы материалдар қабылданады.

2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 15 мау­сымға дейін жарияланған (жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және тағы басқалар) немесе эфирге шыққан материалдар, қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

Жарияланымдар түпнұсқа немесе мате­риалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылым­ның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсыны­луы тиіс. Материалдардың MS Word форматындағы электронды нұсқасы міндетті түрде болуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарлама­ның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жария­ланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілде­рінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 20 маусымы (алынатын күн).

Ұсынылатын материалдарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық мате­риалдар тізімі қоса беріледі.

  1. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір БАҚ не журналист ұсынатын мате­риалдардың саны 5-тен аспайды.

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

 

ІІІ. Байқаудың өту кезеңдері

  1. Алғашқы кезең.

Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады және баспасөз конференциясы өткізіледі.

  1. Байқау материалдары байқауды Ұйым­дастыру комитетінің мекенжайына 2017 жылғы 15 маусымға дейін келіп түседі. Байқауға беріл­ген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.
  2. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі жеті номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады::

  1. Үздік телевизиялық сюжет;
  2. Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым;
  3. Үздік радиоматериал;
  4. Ақпараттық агенттіктер ленталарында жарияланған үздік жарияланым (интернет-ресурстар);
  5. Әлеуметтік желілерде жарияланған үздік жарияланым (блогерлер материалдары);
  6. Үздік фотоматериал;
  7. Үздік инфографика.

 

ІV.  Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

  1. Байқау материалдарын бағалау бары­сында келесі шарттар назарға алынады: бел­гіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырым­даманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

 

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
  2. Ұйымдастыру комитеті:
  • байқау туралы осы ереженің талап­тарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
  • қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
  • барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
  • байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
  • байқаудың нәтижелері туралы мәлі­меттердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

 

VІ.  Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

  1. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:
  • байқауға түскен материалдарға баға беру;
  • жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
  1. Байқау комиссиясының міндеттері:
  • барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
  • байқаудың нәтижелері туралы мәлі­меттердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;

Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

 

VІІ. Қатысушылардың құқықтары, міндет­тері мен жауапкершілігі

 

  1. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
  • байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
  • ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді сұрау;
  • байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:
  • байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
  • осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақтылы ұсыну;
  • осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
  • материалдар мен түйіндемеде көрсе­тілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
  • осы Ережеде белгіленген шарттарды, ере­желер мен рәсімдеулерді сақтамағаны үшін.

 

VІІІ. Медиа ресурстар

 

  1. Байқауға ақпараттық қолдау жасауды әкімдіктің медиа-ресурстары мен ақпараттық серіктестіктері қамтамасыз етеді.

 

ІV.  Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 

  1. Байқауды ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы.

Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, каб. 501, 509, тел. 2716648, 2729727, smі@uvp.almaty.kz, smі-dvp@maіl.ru.