Егер балаңыз бірінші сыныпқа барса…

%d0%ba%d0%be%d0%bd%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83

Рая ЕСКЕНДІР

Биыл баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға үлкен жеңілдік жасалып отыр. Ата-ана өзінің тұрақты мекен-жайы бойынша немесе өздеріне қолай­лы болатын мекен-жайдағы мек­тепке баласын орналастыру үшін өтінішін онлайн тәртібі бойынша үйінде отырып-ақ жазуына бо­лады.

Кез-келген мемлекеттік мектеп әкімшілігі, ең алдымен, сол шағын учаскенің баласын орынмен қамтуға міндетті. Одан кейінгі кезекте қалған бос орындарға өтініш білдірген басқа балаларды орналастыратын болады. Көрсетілген сайттан қала мектептерін­дегі бос орындар туралы ақпараттармен таныса аласыз. Ең бастысы, жалпыға ортақ бірінші сыныптықтарды мектепке қабыл­даудың ережесіне сәйкес, бүкіл мектеп басшыларына қатаң ескерту жасалып отыр.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін қандай да бір емтихан, тест, сынақ, байқау немесе әңгімелесу жүргізу сияқты шарттарды өткізуге тыйым салынады.

Құрметті ата-аналар!

Бүгін таңертеңгі сағат 8.00-ден бастап 30 тамызға дейін мына сайт бойынша балаларыңызды тіркей аласыздар: www.mektepalmaty.kz.

Қызмет көрсету тегін.