СПОРТ ФЕСТИВАЛІНЕ ЖАЛҒАСҚАН ВЕЛОШЕРУ

img_0345

«Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған велошеру бесінші рет өтті. Шеруге салауатты өмір салтын ұстанатын қала халқы белсене атсалысып, 1500-ден астам адам қатысты.

Қатысушылар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып, Орталық мәде­ниет және демалыс саябағында орна­ласқан «Спартак» стадионына дейінгі 10 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Мәреге жеткен велосипедшілер әсерлі флэшмобқа да қатысты. Шеруге келуші­лер арасында лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар мен «Лимоначчо» лимонад­тарына қол жеткізгендер ұйымдасты­рушыларға өз алғыстарын білдірді. Лоторея ұтыскерлерінің бірі, жас кәсіпқой велоспортшы Дмитрий Ивелев бас жүлде – велосипедке қол жеткізді.

Сонымен қатар, «Спартак» стадио­нында ашық спорт фестивалі өтті.  Фес­тивальде пауэрлифтерлер мен воркау­терлер сынға түсіп, кіл мықтыны аңық­тады. Сахна төрінде бишілер мен әншілер өнер көрсетті. Алматы қаласы Денешы­нықтыру және спорт басқармасы басшы­сының орынбасары Рүстем Байсеитов келген спортшыларға алғыс білдіріп, барлығына жеңіс тіледі.

Ернұр ЖАҚСЫБАЕВ,

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

2-курс студенті.