Үш жылда 1900 ауыл сапалы интернетке қол жеткізеді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында ауыл халқын сапалы интернетпен қамту мәселесіне де арнайы тоқталды.

%d1%81%d0%ba%d0%b0%d1%87%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b5-%d1%84%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d1%8b

«Министрлік құрылғанда Елбасы айтқан міндеттердің бірі де осы коммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту болатын. Биылғы Жолдауында да оптикалық-талшықты инфрақұрылыммен жаппай қамтуды атап тапсырды. Жалпы, цифрлы индустрияны құру үшін ең бірінші халықты интернетпен қамтамасыз ету қажет екені анық. Әрине, қазір ауылдардың көпшілігінде интернет байланысы бар. Бірақ, оның сапасы сын көтермейтінін жақсы білеміз», – дейді «Егемен» тілшісіне сұхбат берген министр.

Д.Абаевтың айтуынша, министрлік қазір «Ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін құру» жобасын жүзеге асыруға күш салып жатыр. Осы жоба сәтті жүзеге асырылса, алдағы үш жылда 1900 ауылға желі тартылып, 5 миллионға жуық адам сапалы интернетке қол жеткізеді.

egemen.kz