Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Мем­ле­кет­тік қызмет іс­тері және сы­байлас жем­қорлыққа қар­сы іс-қи­мыл агенттігінің тек­серу нә­тижелері бойынша 55 ­лау­­азымды тұлға әкім­­ші­­лік жау­апкершілікке тар­тылды.

za_neuplatu_0

Мемлекеттік қызмет сала­сын­­дағы заңнаманың, қызметтік әдеп­тің сақталуын және мем­ле­кет­тік қыз­меттер көрсету сапасын бақылауды жү­зеге асыру агент­тікке жүктелген мін­деттердің бірі болып табылады.

Жыл басынан бері 52 тексеру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет жә­не көрсетілетін мемлекеттік қыз­меттер саласындағы заңнаманың 2 467 рет бұзылғандығы анықталды. Бұл бұзушылықтар бойынша оларды жою және кінәлі тұлғаларды жау­ап­кер­­шілікке тарту жөнінде шаралар қа­былдануда.

Жоспардан тыс тексеру нә­ти­же­лері бойынша 103 азаматтың құ­қықтары қалпына келтіріліп, 191 мем­лекеттік қызметшіге тәртіптік ша­ра қарастырылды. Сонымен қа­тар, үстіміздегі жылдың 4 айында 55 лауазымды тұлға әкімшілік жау­ап­кершілікке тартылды. Бұл ретте, өткен жылдың осы кезеңімен са­лыс­тыр­ғанда әкімшілік істердің саны 7 есе өскен.

Мемлекеттік қызметке кон­ку­рс­- тық іріктеу рәсімін, қаржылық ба­қылау шараларын, көр­сетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұз­ған, сондай-ақ, мемлекеттік қыз­меттен құқыққа сәйкес босатпаған бір­­қатар тұлғалар әкімшілік жау­ап­кершіліктен айналып өте алған жоқ.  Үстіміздегі жылдың 1 ма­мы­рын­дағы жағдай бойынша агент­тік­тің әкімшілік өндірістері бойынша бюджетке 2 млн 445 мың теңге түсті. Осылайша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінде қа­был­дан­ған шаралар мемлекеттік қыз­мет­те жоғарыда көрсетілгендей ба­­ғыт­тағы бұзушылықтар санын қыс­қар­туға ықпал етуде.

«Егемен-ақпарат»