Абаев: Көрерменнің деңгейі өссе, соған сай мәдениет те қалыптасады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
0391f27c3f2b49aabc1f7796933ac7a9

«Біз тұтынушылық деңгейді көтеруіміз керек. Көрерменнің деңгейі өскенде, соған сай мәдениет те қалыптасады. Мысалы, Елбасы «Астана Операны» не үшін салғызды? Осындай зәулім ғимаратты салмасақ та өнеріміз өз ырғағымен даму үстінде болатын. Алайда, мақсат көрерменнің әлемдік деңгейдегі өнерге сұранысын қалыптастыру еді. Сол сияқты, «Қаз-медиа орталығын» алайық. Осынша ақпарат құралдары бұл медиа орталық болмаған кезде де жұмыс істеп жатты. Бірақ, заманауи ғимаратта әлемдік стандарттарға сай жабдықтарға қол жеткен соң, біздің телеарна, радиоларымыз жаңа сатыға көтерілді. Сондықтан, «өз қазанымызда ғана қайнамай», өзгелердің озық жетістіктерін бойға сіңіре білу керек. Сонда ғана басқа идеологияның ықпалына ермейтін, ақпаратты таңдап, талғап қабылдайтын көрермен қалыптасады. Елбасы рухани жаңғыру жөніндегі мақаласының «Сананың ашықтығы» деген тарауында бұл туралы өте ұтымды айтты. Сыртқы ықпалдан қорқып, есігімізді жауып отыра берсек, проблемамыз ешқашан шешілмейді», дейді министр.

egemen.kz