103 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

2c164d61-9c60-4138-8782-8f4f67eae9ae

Балнұр АХМЕТ

Оңтүстік астанамыз бизнес ошақ­тары шоғырланған құтты мекен. Халық саны жағынан көш бастап тұрған көрікті қаламызда көктем келгеннен абаттан­дыру жұмыстарына ерекше көңіл бө­лінеді. Осы орайда, жеке ұйым мен ме­кемелердің қаланы көріктендіру, ағаш көшеттерін отыр­ғызу және күтіп  бап­тау жұмыстарына бей-жай қарамай, бел­сенді атсалысып жатқаны қуанта­ды.

Солардың  арасында, биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын қарсы алып отырған «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына қарасты өңірдегі еншілес кәсіпорындар – «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «Мұ­найтас» ком­паниясы мен «Ғылыми-Техни­калық Орталық» филиалы мекемелерінің Алматыны абаттан­дыру жұмыстарына өзіндік қолтаңбаларын қалдырғанын атап өткен жөн. Аталған кәсіп­орындардың қызметкерлері жұмыс жоспарын жасап, Медеу ауданындағы Луганский көшесінің бойын жасыл желекке көмкерді, белгі­ленген аумаққа 103 түп ағаш отырғызды.

Компания өкілдері қаланы абаттандыру мақсатындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мұндай игі бастамалары шаһарда кәсібін өркендетіп жатқан басқа кәсіп­орындарға үлгі боларына сенімді. Жергілікті тұрғындар өз еркімен осы аумақты жасыл желекке бөлеп, гүлдендіріп жатқан жомарт жандарға шынайы риза­шылықтарын білдірді. Аталған кәсіп­орындар көшет отырғызуды жыл сайынғы дәстүрге айналдырғысы келе­тінін жеткізді. Ал Медеу ауданы әкімі аппаратының өкілдері мұндай игі баста­маларға ұйытқы болып, үнемі қолдау көрсететіндіктерін атап өтті.