Қазақстанда некесіз туған балалардың саны 80 мыңға жетті. Жасанды түсік тастау 150 мыңнан 400 мыңға өскен. 182 700 қыз отыздан асса да әлі тұрмыс құрмаған

Керек дерек

Уақытша тіркеу туралы заң күшіне енгелі бері елімізде 1 млн. 442 мың адам тіркеуге тұрды. Оның 746 мыңы уақытша тіркелгендер. Астананың өзінде 250 мың адам тіркеуге тұрды. Тіркеуге тұрмаған 100 мың адам анықталды.

Қазақстаннан Қытайға бал экспорттау жөнінде келісім жасалды.

Осы жылдың басынан бері қазақстандықтар 273 млн. доллар шамасында 11 мың жаңа көлік сатып алыпты.

16-17 мамырда солтүстік облыстарда үсік жүруі мүмкін.

 

Ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендетеді.

Грек жаңғағы миды қартаюдан сақтайды.

Жүзім мен апельсин семіздіктен құтқарады.

Н.Назарбаев Қытайдағы форумда «Үлкен Еуразия» идеясын айтты. Трансшекаралық өзендер мәселесін көтерді.

Қытай басшысы Қазақстанды трансқұрлықтық, транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп атады.

Степногорскіде Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші орнатылады.

Асқабақ дәндері ақыл-ой қызметін жақсартуға көмектеседі.

Үздік өнер туындылары шет тіліне аударылып, насихатталатын болады. Бұл жөнінде Алматыдағы Достық үйінде өткен зиялылар мәслихатында айтылды.

Еліміздің су шайып кеткен жолдарын қалпына келтіру үшін 300 млн. теңге жұмсалды.

17 – 19 мамыр аралығында Д.Тен мен А.Ягудин мұз үстінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Алматыны дамыту бағдарламасы аясында велосипедтерді прокатқа беретін 200 қалалық стансалар салынады.

Биылдыққа Алматыда төртінші рет үшем дүниеге елді.

Путин Қытай басшысымен келіссөз алдында залда тұрған рояльға отырып, екі ән орындап жіберді.

Белгілі саясаткер Б.Әбдіғалиев «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы болды.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары соғыс ардагерінен кешірім сұрады.

Астанада иттердің қала өміріне бейімділігін байқау мақсатында емтихан өткізбек. Сынақтан сүрінбей өткендеріне арнайы куәлік беріледі екен.

Ахматованың жазу дәптері аукционға шығарылып, 2,5 млн. рубльге бағаланып, пышақ үсті өтіп кетті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, көбінесе әуе билеттері, дипломдар, көші-қон полициясының уақытша тіркеу қызметіндегі мөрдің баспа-таңбалары, жүргізуші куәліктері, жер учаскелерін рәсімдеуге қатысты материалдар қолдан жасалатын көрінеді.

«Экономикамыз өсіп келеді деп арқаны кеңге салуға болмайды», – деді Б.Сағынтаев.

Бауыржан Момышұлының бұған дейін жарияланбаған дауысы табылды.

Ресейліктер Т.Бекманбетовті үздік режиссер деп таныды.

Еуропада балалардың 30 пайызы некеге тұрмағандардан туады. Соның ішінде, АҚШ-та балалардың тек 50 пайызының не әкесі, не анасы бар. Қазақстанда некесіз туған балалардың саны 8 0 мыңға жетті. Жасанды түсік тастау 150 мыңнан 400 мыңға өскен. 182 700 қыз отыздан асса да әлі тұрмыс құрмаған.

Әлем бойынша

2 млрд.-қа жуық адам фейсбукты қолданады екен.