Тегін спорт үйірмелері де бар

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b-%d0%b0%d1%80%d0%b5%d0%bd%d0%b0

«Алматы арена» мен «Халық арена» сарайларында спорттың 15 түрінен жаттығу залдары жұмыс істеуде.

Таңнан кешке дейін қызмет көрсететін алып ғима­­ратта бір мезетте мыңнан астам бала жаттыға алады екен. Дәлірек айт­қанда, алып сарайда грек-рим, еркін және қазақ күресінен  жаттығу залдары ашылған. Қазақ күресінен басқасы тегін болған­дық­тан, татамиде жаттыққан бала саны аз емес. 7 мен 20 жас аралығында­ғы балуандар аптаның алты күнін осында өткізе алады.

Әзірге «Алматы аренадағы» спорттың осы екі түріне қатысу тегін. Жалға алу мен жаттықтырушылардың жалақысын күрес федерациясы мойнына алып, қа­зақ балаларының балуан болуына мүм­кіндік жасаған.  Таэквондо, каратэ, ауыр атлетика, көркем гимнастика сын­ды өзге де спорт түрлері ақылы болса да,  қатысып жатқандардың саны көп. Ал, бассейнге келушілердің ең кішісі төрт жасқа да толмаған көрінеді.

Ғимараттың басшылары әлі де үйір­мелер ашуға орын бар деп отыр. Көбінесе олимпиадалық спорт түрлеріне басым­дық берілмек. Қазір ақылы түрде өтіп жатқан шахмат пен тоғызқұмалақ үйір­ме­лері алдағы күндері тегін болуы мүм­кін. Ал, өзге спорт түрлерінің ең арзаны бір бала үшін айына  13 мың теңгеден басталады.