ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА МҰҚТАЖДАРДЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!

2020 жылға дейінгі «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылыс бағдарламасының «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы 2017 жылдың «5»  бастап «15» мамыр аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы қосымша өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы, Алатау ауданының «Алғабас» ықшам ауданында орналасқан Атлетика ауылындағы 996 (бір бөлмелі — 996) дайын пәтерлерді сату жоспарланған.

Пәтердің бір шаршы метрі, сатып алу арқылы жалға алғанда, жалдау мерзімі – 20 жыл болғанда, шамамен 1036 тенгені құрайды.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша – жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар, «Тұрғын үй  қатынастары  туралы» Заңның 67-бабының 1-тарма­ғының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген  тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:

көп балалы отбасылар;

толық емес отбасылар;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

оралмандар;

мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемле­кеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдар­дың қызметкерлері;

1 және 2-топтағы мүгедектер.

Аталған бағыттың  қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар  мен критерийлер бойынша жүргізіледі:

1-кіші топ – жергілікті атқарушы органда осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;

2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар.

Бөлінетін тұрғын үй нормалары:

1-кіші топ қатысушылары үшін  50 % ;

2-кіші топ қатысушылары үшін  50 %.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндет­темелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ   кемінде   бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын   жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша   тіркелгені  туралы мекенжай анықтамасы;

5) өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;

6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып,  тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

8)  өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анық­тама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш   берушінің  тиісті табысы расталмаған жағдай­да, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бағыттары  шегінде сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысу­шылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.