Мерекелер қарсаңында сенбілік өтеді

Алматы аудандарында 18 наурыздан бері мегаполистің тазалығы мен қаланы абаттан­дыру мақсатында апта сайын сенбілік өткізіліп келеді.

Мамыр мерекелері қарсаңында, 6 мамыр күні мегаполис аудандарында кезекті сенбілік өткізіледі. Сенбілікке әр аудандағы заңды тұлғалар мен мекемелер тартылады. Тазалық жұмыстарына 1750 адам мен 78 арнайы техника шығады деп жоспарланып отыр.

Сенбілік аясында қоқыс жиналып, балалар және спорттық алаңдар, көше­лердегі орындықтар, басқа да ортақ мү­ліктер сырланып, абаттандыру жұмыстары жасалады. Тазалық, жөндеу жұмыстары №6, 7, 8, 12-ықшамаудандарда, «Рахат», «Құрылысшы» елді-мекендерінде, Алматы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аулаларында жүргізіледі.