МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

%d0%b4%d0%be%d1%80%d0%be%d0%b6%d0%bd%d1%8b%d0%b5-%d0%b7%d0%bd%d0%b0%d0%ba%d0%b8-%d0%b8-%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-%d0%be%d0%b1%d1%8a%d0%b5%d0%b7%d0%b4%d0%b0-%d0%bd%d0%b0-%d1%83%d0%bb-%d0%bc%d0%be

Метрополитеннің «Достық» бекетінде құрылыс жұмыс­тарының жүргізілуіне байла­нысты Абай даңғылы мен Момыш­ұлы көшесінің қиылы­сында көлік қозға­лысының сұлбасына өзгерістер енгізіледі.

2017 жылғы 6 – 9 мамыр аралығында Момышұлы көшесінің бойымен Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейін оңтүстік және солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы жабылады. Айналма жол Абай даңғылы, Саин және Ұлықбек көшелері арқылы  жүзеге асырылады.

Момышұлы көшесі бойындағы бар­лық  аулаларға көлікпен кіру және шығу жолдары ашық.