«БІЗ БАТЫСҚА КЕРЕК ЕМЕСПІЗ»

lukashenko_sait

Белоруссия президенті Александр Лукашенко өз елінің Батыста ешкімге қажет емес екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Ресейдің Нижегород облысының губернаторымен кездесуінде өз елінің қазіргі саясатына егжей-тегжейлі түсіндірме берді.

«Біз Батыста ешкімге керек емеспіз. Біздің өз мейіріміз өзімізге жетеді. Мені Батыста қалай жақсы көретінін білесіз. Әзірге өзгерген ештеңе жоқ. Қайтесіз, Еуропаның ортасында тұрып, осындай саясат ұстануға мәжбүрміз» дей келе, ол «Біз Ресеймен де, Батыспен де тату-тәтті болғымыз келеді. Біздің маңдайға жазған тағдырымыз сондай» деді.

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b8%d0%bd%d0%b0

Президенттің перизаты жаттығу жасайды

15 мамырдан бастап 55 жастағы Петр Порошенконың зайыбы Марина Поро­шенко «Украина» телеарнасынан «Спорт ырғағы­мен» атты жаңа таңертеңгілік жаттығу­ларды өткізеді. Ол жаттығуды көрермен­дермен бірге жүргізеді. «Әрбір украин күшті әрі сымбатты болуы керек» дейді ол.

Марина Порошенко – қайырымдылық қорының төрайымы. Ол мүгедек балаларға қамқорлық жасауда үлкен еңбек сіңіріп жүр. Президентпен отасқанына 30 жыл толды. Төрт баласы бар.

 

 

Лаңкеске тұрмысқа шыққан

%d0%b0%d0%b1%d1%83

38 жастағы американдық Д.Грин – ФБР-дың аудармашысы. Ол Сирияға келіп, лаңкес Абу Тальха аль-Альманиға тұрмысқа шыққан. Грин оның ісі бойынша жұмыс істеген. Ол Сирияға 2014 жылы барып, басшылыққа өтірік айтып, күйеуіне өзін тексеретіні жөнінде мәлім еткен. Лаңкес бұған дейін Германияның азаматы болған. Денис Кусперт деген жалған ат иеленген.