Әр азаматтың абыройлы борышы

Жемқорлық — жегіқұрт

????????????????????????????????????

Бекқали ТОРҒАЕВ,

Бостандық ауданының әкімі.

Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5-басымдығында «Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты» делінген. Осыған орай, Президентіміздің салмақты саясатын ұстанып, бәсекеге қабілетті әлем алдындағы 30 елдің қатарына кіру жолында қоғам алдында белең алып отырған сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу — әрбір азаматтың қоғам мен өскелең ұрпақтың алдындағы азаматтық борышы.

Басты мақсат – қызметтегі неғұрлым сыбай­­ласқан саланы алдын ала анықтау және қазіргі заманның қоғам дертіне айнал­ған жемқорлыққа бөгет жасап, жымдасқан әрекеттерге ықпал ететін факторларды жою.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың мемлекеттік саясатын белсенді түрде қолдайды, әсіресе, «Қазақстан Респуб­ли­касының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі страте­гиясын» іске асырып, осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асырады.

Аудан басшылығы сыбайлас жемқор­лық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі қажетті шараларды қабылдап отырады, сондай-ақ, қызметкер­лер арасында осы теріс құбылыстың алдын алу жөнінде тұрақты негізде жұмыстар жүргізеді.

«Қазақстан Республикасының мемле­кет­тік қызметі туралы» Заңының аясын­да, былтырғы жылы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкім­шілік лауазымына орналасу үшін конкурстық іріктеуден ішкі конкурс бойынша 5 қызметкердің лауа­зымы жоғарылатылды және жалпы конкурс бойынша 12 қызметкер жұмысқа қабылданды.

Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау, олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін тоқсандық және жылдық бағалау жүргізіледі. Жылдық бағалау бойынша өткен жылы 37 мемле­кеттік қызметшіге баға­лау жүргізілді, оның ішінде «өте жақсы» баға­сымен – 4, «тиімді» — 27, «қанағаттанарлық» — 6 мемлекеттік қызметші өтті.

Бостандық ауданының әкімі аппара­тында мемлекеттік қызметшілер жыл сайын Қазақ­стан Республикасының салық заңна­масында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойын­ша мемлекеттік кіріс органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақ­стан Республикасының аума­ғындағы, одан тыс жерлердегі кірістері мен мүлкі туралы декла­рацияны уақытында тапсыру қатаң бақылауға алынған.

Әкім аппаратында қызметтік тергеп-тексе­ру материалдарын қарау, «Б» корпусы мем­лекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылығына қатысты факті­лерді зерттеу және Қазақстан Республи­касы Президентінің 2015 жылғы 29 жел­тоқсандағы № 152 Жар­лығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметші­лерге тәртіптік жаза қолдану» туралы қағида­ларда көзделген тиісті ұсынымдарды шығару үшін тәртіптік комиссия құрылған. Дегенмен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша тәртіп­тік комиссия ұсынысымен тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылған мемлекеттік қызмет­шілер жоқ.

Сондай-ақ, аппаратқа келіп түсетін хаттарды қарау күнделікті жүргізіледі және дер уақытында жауаптары беріледі, олардың ары қарайғы қарастырылуы бас­шылық тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Аудан әкімі аппаратында ұйым­дас­ты­ры­латын жиындар, кездесулер және де іс-шаралар кезінде қызметкерлердің қандай да бір жағдайларда өз мінез-құлқын нақты білуі үшін, қызметкерлерге кодекстердегі қызметшілердің мінез-құлқын егжей-тегжейлі регламенттеу, сондай-ақ, ережелер әдеп кодексінде белгілен­ген бұзушылықтар үшін нақты санкцияларды және оларды сақтау бойынша бақылау меха­низмін санамалау, сонымен қатар «мүдделер шие­ленісі» ережесін сақтау туралы ұстанымдар ұдайы түрде басшылық тарапынан ұсынылады.

Осымен қатар,Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсында бастапқы парақша­сында (Қазақ­стан Республика­сының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі эконо­микаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабар­ласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама) құрылымдық бөлімдері бар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» тақырыптық баннер орналастырылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдер бойынша мәліметтер ұдайы жаңартылып тұрады. Сондай-ақ, аталмыш ресми интернет-ресур­сында «Алматы аймақтық 2015 — 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл бойынша жос­парын» жүзеге асыру барысында атқа­рылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

Бостандық ауданы әкімінің аппараты және барлық аудан аумағында орналасқан меке­мелердің, мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыру бары­сында, барлық сатып алу және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы өтеді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері электрондық порталда жарияланады.

Аудан әкімі аппаратында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Аудан әкімі халықпен кездесуінде және тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиын­дарда жемқорлық мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттер, олар­дың алдын-алу мәселелері айтылады. Мем­лекеттік қызметшілердің арасында құқықтық білімді жүзеге асыру шеңберінде, аудан әкімі аппаратында мемле­кеттік қызметкерлердің қатысуымен семинар-оқулары жүргізіледі. Аталған семинарларда жемқорлық әрекеттер орын алған жағдайда онымен күрес, жемқор­лық әрекеттерінің төмендеуіне жергілікті органдардың ықпал етуі жөніндегі сұрақтар қарастырылады.

2016 жылдың 14 қаңтарында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Б.Торғаевтың және Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және кәсіби біліктілігін көтеру орталығы дирек­торы А.Тоқтыбековтың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қала­сы бойынша Депар­тамент өкілінің қаты­суымен «Жаңа кәсіби стандарт» тақыры­бында дөңгелек үстел өтті. Шараны өткізу барысында, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынас­тарды реттейтін және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамалар туралы айтылды.

2016 жылдың 16 ақпанында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің жетек­шісі және әкімнің жергілікті өзін-өзі басқару комитеті сұрақтары бойынша координатор-кеңесшісінің қатысуымен Қазақстан Республи­касының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының баптарын түсіндіру кеңесі өтті. Шараға аудан әкімі аппара­тының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілі, аудандық ардагерлер және зейнет­керлер кеңесі, бастауыш партия ұйымы мүшелері қатысты. Шараға қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы және жемқор­лықпен күресу жолдары жөнінде айтылды.

2016 жылдың 17 наурызында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ере­желерін түсіндіру бойынша құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті. Осы Заң сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігі және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған­дығы жөнінде сөз қозғалды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқық­тарын бақылаушы мемлекеттік органдар­дың тарапынан олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің коммер­ция­лық құқықтары мүддесін қорғау жәйттерінің алдын алу туралы барлық жиындарда ескер­тіледі.

Азаматтардың мемлекеттік басқару орган­дарына сенімін арттыру, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы көріністерге ымырасыз қаты­настарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, ай сайын тұрақты түрде аудан әкімі аппаратының кіші мәжі­ліс залында пәтер иелері кооператив­терінің төрағаларымен жиын өткізіледі. Күн тәртібінде талқыланатын сұрақтың бірі — қоғамдық орындарда азамат­тардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкер­шілігі туралы,ұсақ құқық бұзушы­лықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған заңнамаларының ережелерін қалыптастыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу. Сонымен қатар, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар туралы және сыбай­лас жемқорлық құқықбұзушылық­тарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдай­лар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргі­зіледі.

2016 жылдың 05 шілдесінде аудан әкімінің мәжіліс залында аппарат қыз­меткерлердің арасында құқықтық жаппай оқыту шеңберінде «Қазақстан Республика­сының «Қазақстан Республикасының мем­лекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі қағидалары, Қазақ­стан Республикасы мемлекеттік қызмет­шілерінің Әдеп кодек­сінің бас ережелері» атты семинар өтті. Семи­нарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті» РММ-нің өкілі Б.Кулантаев қатысты. Күн тәртібіндегі сұрақтармен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидалар туралы айтылды.

Өткен жылдың 16 тамызында аудан әкімінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Б.Н.Торғаевтың төрағалығымен «Азамат­тардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызмет­тік этика және жоғары рухани-адамгер­шілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бас­қармасының басшысы Анапин Мақсат­хан Анапияұлы, Алматы қаласы Бостан­­дық аудандық сотының судьясы Нұрма­ханбетов Нұрлан Төреханұлы, Бостандық ауданы прокуратурасының аға прокуроры Оспан­құлов Шыңғыс Бауыржанұлы, «Родник» әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының директоры Балабаева Нина Николаевна қатысты. Дөңгелек үстел жұмысы аясында құқықбұзушылықтарға, оның ішінде ұсақ құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаларына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалы ғимаратында аудан әкімі, партия төрағасы Б. Торғаевпен бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі, аудан прокуроры, Ішкі істер басқармасы бірлесе қоғамдық қабылдау өткізіледі. Аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын өткізу кезде, назарларын құқықбұзушы­лықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мәселелеріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларына аударады.

2017 жылдың 22 ақпанында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалын­да партияның саяси Кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынға партияның саяси Кеңесі бюросының мүшелері мен Алматы қаласы мәслихат депутаттары қатысты. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының  бақылау партиялық комис­сия­сының құрамына өзгерістер енгізу туралы, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыстары талқы­ланды.

Осымен қатар, «Нұр Отан» партия­сының аудандық филиалының жемқор­лыққа қарсы Кеңесі мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында жемқор­лыққа қарсы Заңды түсіндіру бойынша 14 меморандум жасалған.

Осы бағыттағы жұмыстарды жандан­дыру мақсатында 2016 жылы білім беру мекемелерінде дөңгелек үстелдер, семи­нарлар, кездесулер және жемқорлықтын алдын алу қағидасын қалыптастыру бойын­ша 21 іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жемқорлыққа қарсы Кеңесіне тұрғындардан 61 жазбаша, 223 ауызша өтініш түсті. Аталмыш өтініш­терге өз кезегінде құзырлы органдардың қатынасуымен тиісті жауаптар берілді.

Бостандық ауданы аумағында орна­ласқан мемлекеттік мекемелерде (жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар, жоғары және орта арнаулы оқу орындары, күштік органдар, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы) сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу мен заңбұзушылықты болдырмау мақсатында жұмыстар жіті қадағалауға алынып, бейнекамералар орналастырылған. 2016 жылдың қоры­тындысы бойынша аудан аумағында 4460 бейнекамера орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандырып, тұрғындарға түбегейлі түсіндіру аудан әкімі аппаратының негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек.