ҒАЛЫМДАР НАМАЗДЫҢ ТАҒЫ БІР ПАЙДАСЫН ТАПТЫ

Бес уақыт оқитын намазда, тізе мен арқаның дұрыс бұрыш жасап тұруының  арқаға жақсы әсер ететінін дәлелдеді

%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%bd%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%b7

Мұндай тұжырым «Адамның цифрлық моделін қолдана оты­рып, мұсылмандардың құлшы­лық ету кезіндегі дене қимыл­да­рын анатомиялық зерттеу» деген ғылыми еңбектен табылған. Зерт­теу барысында намаз кезіндегі адамдардың әр қалыптағы қи­мыл­дарының компьютерлік модел­ь­дері мен олардың арқаға әсері тексерілген. Намазда сәж­деге жығылу – буындардың икемді­лігін арттырады деп тұжы­рым­даған ғалымдар. Аталмыш қи­мылды мезгілімен бес рет қайта­лап тұру сәжденің пайда­сын арттыра түспек.  Осы зерт­теумен айналысқан профессор Хасавни денсаулықтың әлеумет­тік-эконо­микалық, діни фактор­мен және өмір сүру салтымен тығыз байла­нысты екенін атап өткен.  Оның айтуынша: «Сәж­деге жығылу кезінде жасалатын іс-қимыл, арқаны емдеу кезінде қолдана­тын  йога мен физио­тера­пиядағы қалыпқа ұқсас».

Бұдан бөлек, намаздың күйзе­ліс пен денеге түсетін күшті жеңілдететін мүмкіндігі бар, сондықтан да адамның жүйке жүйесін тиімді емдейтіні зерттеу барысында белгілі болған. Сон­дай-ақ, сәжде – адамның дене­сінен шығатын электромагнитті сәулеленуді басудың ең жақсы тәсілі. Сәжде жасау кезінде жер­дің гравитациясы адам денесін­дегі барлық зиянды сәулелер мен толқындарды өзіне тартып алатынын ғалымдар дәлелдеген. Мұсылман үшін сәждеге жығылу – оның мойнындағы парызы, оның Жаратушыға деген разы­лығы мен мойынсұнушылығы. Ол сәжде жасаудан өзіне бір пайда іздемейді, ол тек Алла Таға­ланың разылығында болуға тырысады, бірақ, сонымен қатар, құлшылық жасау арқылы қуа­нышқа кене­леді, жарастық алады әрі ден­саулығын түзейді.

 

Muftyat.kz.