ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СҰРАНЫС АРТУДА

Қазақстанда алпауыт мұнай компаниясының қатысуымен кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы іске қосылды

%d0%be%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%ba-3

Қазақстандағы кәсіпкерліктің проблемасы, көбі­несе, тауарлар мен қызметтердің сапасын халықаралық стандарттар анықтайтын бәсекелестік ортада жұмыс істеуге қабілетсіздігіне байланысты. Сондықтан жекеменшік сектордың іскерлік белсен­ділігі, мемлекет тарапынан қолдауға қарамастан, әлі күнге әлсіз әрі тиімсіз болып келеді. Ал көптеген дамыған мемлекет­терде дәл осы шағын және орта бизнес – ұлттық экономиканың тірегі.

Нұрлан СҮЙІН

Қазіргі таңда біздің республикамызда Теңіз (Атырау облысы) мұнай-газ кен орнын өңдеуші – «Тенгизшевройл» (ТШО) ЖШС мен  Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) шағын және орта бизнес нысандарына қолдау көрсету бойынша ортақ екі жылдық бағдарлама жүзеге асырылуда. Ол іс жүзінде қазақ­стандық бизнеске дамудың барынша жоға­ры деңгейіне өтуге, кең ауқымды ой түюге, басқарудың жаңа мәдениетін енгізуге көмектеседі. 2015 жылдың қазан айында іске қосылған осы бастаманың аралық нәтижелері бұрындары отандық бизнестің алдында орындалмастай болып көрінетін мүмкіндіктердің ашылғанын көрсетеді. Олар – әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктің нысан­дарын нығайтуда, олардың қаржылық қайнар көздерге, жаңа жобаларға, тіпті, тұтас бір нарыққа кіре алуында болмақ.

Жүзеге асырылуы үшін ТШО ЕҚДБ-мен келісімге сай 500 мың АҚШ долларын бөлген  аталмыш бағдарлама мұнай-газ саласы үшін қазір бар және әлеуетті тауар­лар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу­шілерді тартуға мүмкіндік береді. Жоба — теңіздегі кезекті ауқымды құрылыс – соның арқасында осы жерде шикі мұнай шығару жылына 12 млн. тоннадан 37 млн. тоннаға дейін жетеді. Қазіргі кезде ТШО Қазақстанда жергілікті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ең ірі тұтынушыларының біреуі болып табылады. Компанияның мәліметтерінше, мысалға, тек қана 2016 жылы ол, болашақ Даму жобасының шеңберіндегі 730 миллион АҚШ долларын қоса, 1,9 миллиард АҚШ долларынан аса сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алған. 1993 жылдан бастап 2016 жылға дейін бұл көрсеткіш 22 миллиард АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар, компания жергілікті жеткізушілермен серіктестікті үнемі кеңейтіп отырады, ал олардың әлемдік дең­гейге сәйкестігі ТШО тұрақты өсуі үшін маңызды фактор болып табылады. Компа­ния үшін сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынатын жеткізушілер техникалық қауіп­сіздік пен қоршаған ортаны қорғау бойын­ша жоғары көрсеткішті, қазақстандық мазмұндағы даму мен тұрақты өсуге бейіл­ділікті, бағалық бәсекелестікке қабілетті­лікті, қаржылық тұрақтылықты, тапсырыс берушіге, инновациялық бизнес-шешім­дерге шоғарлануды көрсетуі тиіс. Теңізде жаңа ғаламат үлкен құрылыстың бір бөлігі болу мүмкіндігі отандық бизнестің алдында азық-түлік өнімдері мен құрылыс мате­риал­дары және металл-құрылымдарын өндіру мен жеткізуден бастап және ІТ-технологиялар мен транспорттық және курьерлік қызметтер ұсынуға дейін барлық бағыттар бойынша отандық бизнес алдында жарқын болашақ ашады.

Ортақ бастама шеңберінде ТШО мен ЕҚДБ кәсіпкерлерге жергілікті кеңесшілер мен / немесе халықаралық сарапшылар, жобалық басқару, бизнес үдерістерді  оңтайландыру, шұғыл басқару мен сапаны басқару, қаржылар мен құнды басқару және т.б. барынша әртүрлі бизнес-тақы­рыптар бойынша семинарлар мен тре­нингтерге қатысу арқылы өз мүмкіндік­терін нығайту және арттыруды ұсынады.

ЕҚДБ берген мәліметтер бойынша, қазіргі таңда аталмыш бағдарлама шеңбе­рінде өз өнімдері мен қызметтерін ірі мұнай-газ компанияларына ұсынушы 15 қазақ­стандық кәсіпорын қазірдің өзінде менедж­мент, өнім мен қызметтерінің сапасын арт­тырып, есеп пен бизнес үдерістердің жүйе­сін автоматтандырып, өнімді автоматтан­дырып үлгерді.

Мысалы, Банк тарапынан қолдау көрсеті­луінің арқасында өндірістік жуғыш құралдар өндіретін қазақстандық өндіруші «Goldman&Young» ЖШС (Алматы қ.) ІSO 22716:2007 халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті өндірістік тәжірибесін жасап, енгізді. Нәтижесінде Goldman&Young ең мықты халықаралық компаниялармен бәсекелесе отырып, өзінің саудасын еселеді, өнімдік желісін барынша кеңейтті және RіxosHotels, WorldClass халықаралық желілерінің, RG Brands, PepsіCoKazakhstan азық-түлік өнімдері және сусындардың алпауыт халықаралық өндірушілерінің, сонымен қатар «Тенгизшевройлдың» жеткізушісі болды.

Ортақ бағдарламаның басқа бір қаты­сушысы – темір жолдар мен көпір үшін ағаш шпалдарды антисептиктермен өңдеу­мен айналысатын «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС (Семей қ., Шығыс Қазақ­стан облысы) ЕҚДБ мен ТШО қолдауының арқасында тауар-материалдық қалдықтар­дың іс жүзіндегі құны 14 есе азайғанын анықтап, есеп және қаржылық менеджмент элементтерін кемелдендіре алды.

Сонымен қатар, ЕҚДБ мен ТШО ұңғы­ма­лардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсететін CaspіanWellServіces ЖШС (Маңғыстау облысы), 5S (үнемді өндіріс) бағдарламасын енгізуге көмектесті. Қолдау базасына ие бола отырып, осы компания басшылығы жұмыс орындарын өз бетінше және тиімді ұйымдастырып, рәсімдей алмады, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жүйесін функционалдауды жақсартып, сонымен қатар өндірістегі қауіпті аймақ­тарды айқындап және белгілей отырып, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне деген қарым-қатынасын өзгерте алмады. Осы­лайша, 2016 жылы компанияның өндірістік базасындағы жұмысты оңтайландырып, 5S жұмыс орнын тиімдендіру жүйесін енгізуге шешім қабылданды. Кеңесші – «Спец­МонтажТехнолоджи» АҚҚ көмегімен бокстар мен қойма ғимараттарын қоса, өнді­рістік базаның алғашқы тексеру жұмы­сы жүргізілді, үнемді өндіріс талаптарына сәйкес қауіпті аймақтарды таңбаландыру және қолдау базасын жабдықтау жобасы дайындалды, компания қызметкерлері қауіпсіздік техникалары мен үнемді өндіріс негізі бойынша оқытылды.

«Тенгизшевройл» компаниясы тарапы­нан бағдарламаға қолдау көрсетілуі біздің ең үздік жергілікті, әрі халықаралық бас­қарушылық тәжірибелерін пайдалана отырып, олардың бәсекелестікке қабілетті­ліктерін арттыру мақсатында қазақстан­дық кәсіпорындармен ортақтаса әрекет ету идеясын берік ұстанатындығымызды көрсе­теді», – деп атап өтті ЕҚДБ жобасының менеджері АлмаҚасымова. – «Қазақстан­ның шағын және орта бизнесі қарқынды дамып келеді, сондықтан кәсіпкерлердің оларға жаңа көкжиектер ашатын бағдарла­маның мүмкіндіктері туралы білулері өте маңызды. Өйткені, дәл осындай қолдаудың арқасында, таяу арада біз бірге отандық кәсіпкерліктің барынша жоғары деңгейіне көтеріле аламыз, нәтижесінде, бұл еліміздің жалпы ішкі өнімдеріндегі (ЖІӨ) шағын және орта бизнестің салымын арттыруға мүмкіндік береді».