Бүлдіршіндерге орын, тұрғындарға жұмыс табылды

img_2948

Рая ЕСКЕНДІР

Алматыдағы баспанадан кейінгі ең күйіп тұрған мәселе – балабақшаға орналасу болса, күн санап бұл мәселе де өз шешімін тауып келеді. Медеу ауда­нындағы «Көк­төбе» ықшам­ауданында «Kіds Academy» деп аталатын жекеменшік балабақша ашылды.

Балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев аудан аумағында Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында іске асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндай келе, соның бір дәлелі – ашылып отырған осы жаңа балабақша деді.

img_2964

– Бүгінгі таңда біздің аудан аумағында 18 мем­лекеттік мектепке дейінгі мекеме, 46 жеке­меншік балабақша бар. Осы балабақ­шаларда тәрбиеленіп жатқан 2 мен 7 жас аралығындағы балалардың саны 6,261-ге жетті. Соған қара­мастан, әлі де 3 жас пен 6 жас аралығындағы 2074 бүл­діршін кезегін күтіп отыр, – деді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Айта кетерлігі, Медеу ауданында инвес­тор­ларды тарту арқылы әлеуметтік ны­сандар салу қарқынды түрде дамып келеді. Биылғы жылы аудан бойынша инвестор­лардың есебінен 20 мектепке дейінгі меке­мені ашу жоспарланса, ашылып отырған балабақша солардың ең алғаш­қысы. Жаңадан ашылған балабақша 40 баланы орынмен қамтыса, 14 қала тұрғынына жұмыс ұсынып отыр.