Өзен бойлары мен арық жүйелері тазаланды

14284047628cev6

Әсел ДАҒЖАН

Түрксіб ауданынан жалпықалалық сенбілікке 19 191 адам шығып, белгіленген 50 аумақ тазаланып, нәтижесінде 1192 текше метр қоқыс шығарылды.

Аудан аумағын тазалауға бір кісідей жұмыла кіріскен бюджеттік мекеме қызметкерлері, жоғары оқу орындары студенттері және коммуналдық қызмет­керлерге 10 000 қап, 8000 қолғап таратылды. Жиналған қоқыстарды тиеуге және қала сыртына шығаруға ауданнан 149 бірлік мамандандырылған техника жұмылды­рылды. Тазалық жүргізілген қызу еңбектің арасында 500 түп ағаш отырғызылып, Сұлтан, Қарасу өзендерінің бойы және арық жүйелері тазаланды.

Сонымен қатар, «Маяк» тоғайы мен «Гауһар» ПИК-де ағаш отырғызылды.