«СЫР СҰЛУЫ» әнінің ең алғашқы орындаушысы

%d0%b1%d0%b8%d1%80%d0%b3%d0%b5

«Сыр сұлуы» әнін алғаш рет ес­тіген кезімде, мені бұл ән өзінің әсем әуенімен, сырлы сөздерімен ғана емес, ең алдымен  шынайы, жан тол­ғанысымен,  орындаушысының  өзге мәнердегі дауысымен баурап алды.  Ғажап күшті даусы да таңқал­дырды,  әннің әрбір шумағы, әрбір  қайыр­масы  тап сенің  жаныңда, сенің көз алдыңда айтылғандай .

Жайраңдап жазда ағатын еді,

Есімде қайран Сыр сұлу.

Таңертең сонда баратын еді,

Толқынға құмар бір сұлу

«Сыр сұлуы» әні радиодан бас­талған кезде, мен оның әр жолын  жү­регім дірілдеп,  дем алмастан тыңдай­тынмын.

Жылдар өтті … «Сыр сұлуы» әнін жаңа әншілер орындай бастады. Алайда, ешкімді ренжіткім келмейді әрине, менің ойымша, бәрі  ойда­ғы­дай, барынша шеберлікпен орын­далса да, бір нәрсе жетпей  тұрғандай бола­ды.

Ұлы сазгер Шәмші Қалдая­қов­тың осы бір тамаша әнінің  алғашқы орындаушысы – Зияш Айдарованың көпшілікке ұнауының  құпиясы неде?!

1963 жылы Қызылорда қаласына  шығармашылық іссапармен Шәмші Қалдаяқов  келді. Ол қонақ үйде тұру­дан бас тартты. Сазгерге облыс­тық мекеменің жас басшыларының бірінің жеке үйіне тоқтау ұсынылды. Ол өзінің ата-анасымен және кіші қарын­дасымен тұратын, бірақ, сазгер бұған еш қысылмады, керісінше,  ол бұған қатты қуанды, өзіне қарт адам­дармен әңгімелесудің ұнайтын­дығын және шығармашылық жұмы­сын қа­тар алып жүре алатындығын  айтты.

Сазгер үйіне тоқтаған облыстық мекеменің жас басшысы – сол кезде педагогикалық училищенің 2-кур­сында оқып жүрген  Зияш Айдаро­ваның ағасы  болатын. «Шәмші Қал­даяқов  орташа бойлы, арықша кел­ген адам болатын, өзін өте  сабырлы, байсалды ұстайтын», – деп еске алады ол.

– Мен оның ән жазайын деп жүргенін кейіннен түсіндім. Өйткені, оған адамдар ағылып  келетін, жері­міздің көрікті табиғатын,  егін жинау науқанына дайын  орасан зор күріш алқаптарын  көрсететін. Шәмші Қал­даяқов 16  күрішші-бойжеткеннен тұратын жастар  тобымен, ақын Зей­нолла Шүкіровпен кездесті,  Сыр­дария өзенінің  жағасында оның әсем көркі мен  айбынды ағынын тама­шалап,  көп тұратын.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b7%d0%b8%d1%8f%d1%88-%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0

Аңсатса Сыр өңірі,

Ән тербер жүрегімді,

Өзіңнен туған ұлың айналсын.

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін,

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың?

Сондай күндердің бірінде сазгер  пианинода бір әуенді ойнай бастады. Ас үйді жинап, ыдыс-аяқты жуып жүріп, мен ойламастан, жайлап есті­ген әуенімді  ыңылдап айта бастадым. Кенеттен Шәмші Қалдаяқов мені өзіне шақырып алып,  былай деді: «Сен қазір ғана айтқан әуеніңді айтшы». Мен сасып қалдым, және «ол құлағы үлкен болғандықтан менің әнімді естіп қойды ма?» деп ойладым. Мен үндемедім.  Сонда ол былай деді: «Мен  қазір ойнаймын, ал сен әуенді қайтала, жақсы ма?». Мен әуенді қайталаған кезде, сазгер пианиноға сөздерімен парақты қойды да, былай деді: «Ал енді бұл әнді сөздерімен айтып көр». Педучи­лищеде бізге  музыкалық сауатты­лық­тан сабақ өтетін, мен ноталарды білетін едім, осы жолы соның  пайдасын көрдім. Басында мәтінімен бірге әнді айту қиын болды. Алайда, үшінші ретте мен әнді сөздерімен бірге толық айтып шықтым. Ән дайын болды. Демек, Шәмші Қал­даяқов бұл әнді жылдам, бір күннің ішінде жазып шыққан болды ғой.

Сазгер пианиноны жауып, қағаз­дарын жинады да, менен былай деп сұрады: «Сенің уақытың бар ма? Менімен бірге әнді жазуға бара ала­сың ба?» Күтпеген жерден қойылған бұл сұраққа мен: «Иә, уақытым бар, бара аламын» деп жауап бердім. Сазгерді радиода мекеме қызмет­керлері және жаңа әнді орындау үшін арнайы шақырылған әнші күтіп отыр екен. Алайда, тағдыр басқалай шешті. Ал келесі күні «Сыр сұлуы» әні  облыстық радио бойынша  тұңғыш рет орындалды. Алғашқы орындау­шысы – Зияш Айдарованың теңдесі жоқ, шабытты орындауында   айтыл­ды және лезде республиканың миллион­даған адамдарының  ең  танымал  және сүйікті әніне айнал­ды.

Өкінішке орай, орын алған кейбір жағдайларға байланысты, «Сыр сұлуы» әнін Шәмші Қал­даяқовтың өзінің өтініші бойынша бұдан да бұрын орындаған  әншінің сирек кездесетін,  керемет зор дауы­сы өшіріліп, жоғалып кеткен. Сол кездегі жазбаны табу және қалпына келтіру мүмкін болмады.

Айдарова Зияш Жәлиқызы әнші болуды армандамаған еді. Зейнетке шыққанға дейін өзінің бар еңбек жолында ол физика мен матемика мұ­­ғалімі болып жұмыс істеді. Қы­зыл­орда қаласындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. Бірнеше жыл бұрын оның жұбайы Әжібаев Шәкім, ұлы Шәкен және кіші қызы Әмина өмірден өтті.

Қазіргі уақытта оған Мәскеу қаласындағы Бауман техникалық жоғары оқу орнын аяқтап, 20 жылдан астам уақыт «Байқоңыр» ғарыш айлағының нысандарында инженер болып қызмет атқаратын үлкен қызы Әлия  қолдау көрсетіп отыр. Оның жанында ұлы Бауыржан мен келіні Сәуле бар.

Өмір жолының қуаныштары мен қиындықтарына қарамастан, Айда­рова Зияш Жәлиқызы бұрынғы­сын­ша жастық шағына тән өжет, жа­лынды, ашық және көпшіл мінезінен айрыл­ған жоқ. Ол сүйікті немере­лерінің бақытты әжесі, биыл маусым айында оның 70 жас мерейтойы!

Басқа аталған тұлғалардың аты-жөндеріне, егжей-тегжейіне мен тоқталмадым, себебі,  бұл мақалада тек қана алғашқы орындаушы жө­нінде айтқым келді. Шын мәнінде таңқалдыратын және  қайран қалды­ратын жәйт.  Бүгінгі күні жарты ғасырды артқа қалдырып, өткенге көз сала отырып, Шәмші Қалдая­қовтың «Сыр сұлуы» әнінің  халық арасында аса тамаша және кеңінен танымал  ән  болғанын және әр­дайым   болып қалатынына,  және де ұлы сазгердің оның алғашқы орын­даушысын таңдауы дәл табылған  керемет таңдау болғанына  қайран қаласың!

 

Алмас РЫСБАЕВ.