Салауаттылық аула спортынан басталады

Алматыда «Спорт – менің ауламда» бірегей жобасының тұсаукесері өтті

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82-%d0%b0%d1%83%d0%bb%d0%b0

Нұрлан СҮЙІН

Оңтүстік астанада салауаттылықты – қалыптас­тыру және жас буынды спортқа бейімдеу мақсатындағы бағдар­ламаның тұсаукесері Алатау ауданындағы «Алғабас-6» ықшамауда­нында өтті. Спорттық бағдарлама арқылы 7 жас пен 17 жас аралығындағы балалар жат­тықтырушыларымен өздері қалаған спорт түр­лерімен шұғылдана алады. Биылғы көктемнен басталған бағдарлама 2019 жылға дейін жалғасады. Білікті нұсқаушы – жаттықтыру­шылар белгілен­ген кесте бойынша күн сайын шеберлік сабақтарын өткізеді.

– Біздің жаттықтырушыларымыздың барлығы да білікті, Қазақтың спорт және туризм академиясының түлектері. Олар балаларды футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, т.б. спорт түрлеріне баулиды. Бүгінде Алматыда 75 спорттық аула бар, олардың барлығында бір-бір нұсқаушы-жаттықтыру­шы бар. Біздің мақсат – спорттық алаңқайлар санын 300-ге жеткізу, – дейді ұйымдастыру­шылардың бірі Ғалым Бердіқұл.

Бүгінде қалада спортпен тұрақты айналысу­шылар саны 300-ге жетті. Қалалық бағдарлама мегаполис аулаларында жас алматылықтарды спортқа тартып, Алматыда бұқаралық спортты дамытып, болашақ чемпиондарды баулып шығаруды мақсат тұтады.