Медеудегі сенбілікке 17 453 адам қатысты

180416-subbotnik1

Балнұр АХМЕТ

Қала аумағын абаттандыру және сани­тарлық тазалық орнату мақ­сатында өт­кізілген жалпықалалық сенбілікке Медеу ауданы да барын­ша белсенді атсалысты. Тазалық шарасына заңды тұлғалар, денсау­лық сақтау қызметкерлері, Жергі­лікті өзін-өзі басқару комитеті, жеке пәтер иелері кооперативі, комму­налдық қызмет өкілдері, жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері, мектеп пен бала­бақша ұжымдары қатысты.

Сенбілікке Медеу ауданында жалпы саны 17 453 адам, 104 арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық шарасына қа­тысушылар барлық қажетті құрал-жабдық­тармен қамтамасыз етілді. Ізгі шара аясында 7500 метр арық жүйесі, 26,1 шақы­рым өзен арнасы тазаланып, 590 текше метр қоқыс қалдығы шыға­рылды. Табиға­тымен туристерді там­санды­ратын қала­мыздың көркіне көрік қосып, жасыл желекке айналдыру мақ­сатында сенбілікке қатысушылар 220 ағаш отырғызды. Та­залық шара­сына қатысуды азаматтық борышы санайтын жастар жағы талшын, шегіршін, қайың ағаш­тарын отырғызып, қаланы көрік­тендіруге өз үлестерін қосты.