Жетісу жайнап кетті

264527

Рая ЕСКЕНДІР

Дәл қазір қаламызда тазалық айлығы белсенді түрде өтіп жатыр. Қыс бойы қар астында қалған қоқыс қалдықтары, жапы­рақ қалдығының күн жылына жердің бетіне көкпен жарыса шығатыны белгілі. Осыған орай, Жетісу ауданында да тазалық мере­кесі өтіп, ауданның 16 мың 15 адамы белсене, білек сыбана кіріскен еді.

«Көп түкірсе – көл» деген емес пе? Әп-сәтте аудан аймағы тазарып, төңірек түрленіп шыға келді. Аудандағы барлық меке­мелер, тиісті сала мамандары 11 мың 330 шаршы арық аңғарын тазартып, Есен­тай, кіші Алматы, Сұлтан-Қарасу өзен­дерінің де өкпесі тазарды. Көзі бітелуге айналған өзендердің бойымен әп-сәтте өз ретімен су аға бастады. Қыс бойы жиналып қалған қоқыс шамамен 448 кубқа жетіп, қала полигонына жөнелтілді.

– Ауданның «Көкжиек» ық­шамау­данындағы көгалдан­дыру жұмысы биыл да жалғасып, 150 түп алма ағашы, 90 түп қарағаш, 37 түп еуропалық қарағай, 25 түп шетен, 25 түп талшын отырғы­зылды. Сәтін салса, осы айдың 29-ына дейін әлі де 200 түп көшет отырғызылады, – дейді аудан­дық көріктендіру бөлімінің басшысы Дархан Мырзағұлов.

Осылайша аудан тұрғындары белсен­ділігінің арқасында Жетісу ауданы жайнап шыға келді.