БУНДЕСТАГ ДЕПУТАТТАРЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

bundestag_4

Германия Бундестагының депутаттары ХДС/ХСС фракциясының атқарушы хатшысы Манфред Грундтың бастамасымен ЭКСПО-2017 көрмесіне келді. Ұйымдас­тырушының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов неміс парла­ментшілерімен кездесті. 

Кездесуде көрмеге дайындық және өткізу мәселелері бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бас­қар­ма­сының төрағасы Ахмет­­жан Есімов ЭКСПО-2017 көрме­сіне дайындықтың ақырғы кезеңі туралы хабардар етті. 115 елмен 21 халықаралық ұйым өзінің қаты­сатынын растады. Бүгінгі таңда Ұлттық күндерін өткізуге ресми қатысушылардың 113 өтінімі келісілді. Қазіргі кезде қатысушы елдер өздерінің ұлттық павильон­дарын контенттік толтыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

– Неміс павильоны ең үлкені болып табылады және ауданы 1252 шаршы метрді алады, ол Монакомен, Нидерландымен және Испаниямен көршілес орналас­қан. Неміс компанияларының 24 жобасы­ның 3-еуі бірден өз жетістіктерін «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында көр­сеткенін, оларды іріктеумен ғалымдардың және Нобель сыйлығының лауреаттарының қатысуымен арнайы халықаралық комис­сия айналысқанын атап айтқан жөн. Біз Германияның жаңартылатын қуат көздері саласындағы бай тәжірибесін білеміз және бұл тәжірибе көрмеге қатысушылар үшін танымдық және қызықты болады, – деп атап көрсетті Ахметжан Есімов.

 

КӨрме қалашығын аралады

ЭКСПО-2017 кеңсесінде көрмені жылжыту бойынша өңірлермен өзара әрекеттесу мәселелері жөнінде кеңес өтті

vak_3954

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсе­сінде жергілікті атқарушы орган­дармен бірлесіп Халықаралық мамандан­дырылған Көрмені жылжыту жұмысы, өңірлерден келушілерді және шетелдік туристерді тарту, еріктілерді даярлау – осы және өзге де сұрақтар талқыланды.

Шара «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Астана, Алматы және облыс әкімдері орынбасар­ларының қатысуымен өтті.

Кеңес қатысушылары көрме нысан­дары, павильондардың контенті, билеттік бағдар­лама және оның шарттары туралы егжей-тег­жейлі таныстырылып, ЭКСПО-2017 көрме­сінің мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды.

Ұлттық компанияның жетекшісі «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі Елбасы­ның жобасы екен­дігін әрі жер-жерде әкімшілік ресурс арқылы келушілерді тарту орынсыздығын атап айтты.

– Сіздер (шенеуніктер) азаматтарға көр­менің мақсаты мен міндетін, оның болашақта Қазақстан экономикасына тигізетін мульти­пликациялық әсерін түсіндірулеріңіз қажет. ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізудің кепілі мәж­бүрлеп, міндеттеу емес, істі тиімді жыл­жыту және жарнамалау болып табылады. Көр­менің басталуына екі айдан кем уақыт қалды. Сондықтан біз жұмысқа жұмыла кірісуі­міз керекпіз. Өйткені, 93 күн бойы еліміз бүкіл дүние жүзінің назарында болмақ, – деді А. Есімов.

Айта кетейік, ЭКСПО көрмесіне қаты­сушы 115 елдің 90-ы павильондарын безен­діруге кірісіп кеткен. Ал қалашық аумағын­дағы құрылыс аяқталуға жақын. Жалпы, мұндай көрме біздің өңірде ТМД мемлекет­терінің ішінде бірінші рет өткізілгелі отыр.

 

«Ақшам-ақпарат».