АЛМАТЫ ВЕЛОСИПЕД ТІЗГІНДЕДІ

Оңтүстік астанада велошеру маусымы ашылды

dsc_4702

Нұрлан СҮЙІН

Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір қалыптастыру мақсатындағы «Спорт¬тық Алматы» бағдарламасы бар. Осы бағ¬дарлама аясында өткен жексенбіде Алматы¬да дәстүрлі велошеру маусымының ашылу рәсімі өтті.
Алматыда қалыптасып қалған велошеру маусымының ашылуына табиғат та қарасты бұл күні. Тамаша күн райында вело¬мау¬сым¬ның ашылуына велосипедтерін тізгін¬деп 2000 мыңнан астам адам келді. Ұйым¬дастырушылар велошеруге қатысу¬шы¬лар¬ды тіркеп, нөмірлер берді. Кейін нөмірлері бойынша, бағалы сыйлықтар ұтысы ойы¬нына қатысты. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев келушілер¬ді веломаусымның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Маусымның алғашқы велошеруі таңғы сағат 9.00-де әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан бастау алып, Тұңғыш Президент паркінде мәреге жетті. Мәреге дейінгі қашықтық 9 шақы¬рымға созылды. Тұңғыш Пре¬зидент паркін¬дегі мәреде велошеру¬лерді даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақ¬сылық Үшкем¬піров күтіп алып, құттықтау сөз сөйледі.
– Қымбатты алматылықтар, қала қо¬нақтары! Дәстүрлі велошеру маусымының алғашқы қатысушыларының баршасын құттықтап, рахмет айтамын. Алматы әкім¬дігіне де осындай мереке ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Барлығымыз да спортты сүйіп, онымен айналысып, са¬лауатты өмір қалыптастырайық, – деді даңқты балуан.
Веломаусымның ашылу салтанатында Алматының жаңа континентальдық «Apple Team» велокомандасы таныстырылды. Мегаполис тарихында бірінші рет құрылған кәсіби велокоманда халықаралық, әлемдік додаларда Алматы атынан қатысатын бола¬ды.
Велошеру маусымының ашылуына келушілер арасында лоторея ойнатылып, ұтысқа түрлі бағалы сыйлықтар, велосипед¬тер қойылды. Бас жүлде электровелосипед болып, оны Сергей Жилков есімді қонақ ұтып алды.
Алматыдағы веломаусымның ашылу салтанатына қатысушылар арасында атақты спортшылар мен әртістер де болды. Мысалы, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, балуан, Олимпиада жүлдегері, мәслихат депутаты Ислам Бай¬рамуков, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, мәнерлеп сырғанаушы Айза Имам¬бек, атақты альпинист Мақсұт Жұмаев және т.б.
Веломаусымның ашылу рәсімі «Спорт¬тық Алматы» бағдарламасы аясында өтті. Іс-шарада «Меломен», «Асыл» топтары өнер көрсетті.
Ауқымды қалалық бағдарлама бұқа¬ралық спортты дамытып, белсенді демалыс пен салауаттылықты насихаттау мақса¬тын¬да құрылған болатын. 2016 жылы бағдар¬лама шеңберінде 21 велошеру өткізіліп, 19 мыңнан астам адам қатысты.