БҮГІН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ

Қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық орнату мақ­сатында бұгін жалпықалалық сенбілік ұйым­дастырылады.

Ізгі шара барысында көшелерге, аула аумақ­тарына, арық жүйелеріне, алаң­қай­ларға, көгалдарға, өзен жағалары мен су қоймаларына тазалық жүр­гізі­леді. Сенбілік қыс мезгілінен кейін қала аумағының санитарлық жағдайын жақ­сарту мақ­сатын көздейді. Тазалық шара­ларына қоғамдық және жастар ұйым­дары, мемлекеттік қызметкерлер, заңды тұлғалар, денсаулық сақтау қызмет­керлері, ПИК, жоғары сынып оқушы­лары, ЖОО және арнаулы орта оқу орын­дарының студенттері атсалы­сады.