ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Әсел ДАҒЖАН

Қалада жаңа автодүкеннің ашылуы 42 адамға жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. 

Қытай еліне тиесілі «LІFAN» компаниясы ТМД нарығында 10 жылдан бері қызмет етіп келеді. Күрделі жөндеуден кейін ашылған автодүкеннің салтанатты шарасына қала әкімінің орынбасары Е.Әукенов қатысты.

– Қазақстан нарығына жаңа трансұлттық компания келді. Ол сапалы әрі тауарға сай қолайлы баға ұсынады. Бұл біз үшін бизнеске «біз қаламызға келген кез-келген инвестиция, кез-келген модернизация мен инновацияны қуана қарсы аламыз» деп айтуға мүмкіндік береді, – деді.

Ресейде шығарылған автомобильдер үнем-сегментіне жатады. Қазіргі уақытта автодүкен тұтынушыларға автомобильдің 3 түрін ұсынады. Жыл соңына дейін оның саны 7-ге дейін өспекші. Көлік құны 3 – 5 миллион теңгенің аралығында бағаланған.

«ABS Іnvest» ЖШС бас директоры Болат Әбілақовтың айтуынша, жобаның әлеуметтік жағы бар. «Біздің авто орташа жалақысы бар кез-келген жанұяға іс жүзінде қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни, несие бойынша ай сайынғы төлем 60 000 теңгені құрайды», – деді Б.Әбілақов.