15 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді

Қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық орнату мақ­сатында 15 сәуірде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады.

Ізгі шара барысында көшелерге, аула аумақ­тарына, арық жүйелеріне, алаң­қай­ларға, көгалдарға, өзен жағалары мен су қоймаларына тазалық жүр­гізіледі. Сенбілік қыс мезгілінен кейін қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мақ­сатын көздейді. Тазалық шараларына қоғамдық және жастар ұйымдары, мемлекеттік қызметкерлер, заңды тұлғалар, денсаулық сақтау қызмет­керлері, ПИК, жоғары сынып оқушы­лары, ЖОО және арнаулы орта оқу орындарының студенттері атсалы­сады.