АЛМАТЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Оңтүстік астанада тұрақты орташа ауа-райы +8 градустан жоғары болуына байланысты 11 сәуірден кезекті жылыту маусымы аяқталды. Тұтынушыларға жылу энергиясы төлемақысы қайта есептеледі. Алматы әкімдігі «2016-2017 жылдардағы жылыту маусымының аяқталуы туралы» №2/106 қаулысын ҚР 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жөнінде» Заңына сәйкес қабылдады.

Жылыту маусымының аяқталуына байланысты «Алматы жылу жүйелері» ЖШС тұтынушылардың жылу энергиясына төлеген төлемдерін қайта есептейді. Қайта есептеу және қайта есептеу нәтижесіндегі артық қаржыны тұтынушыларға қайтару үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізіледі. Бұл жұмыстар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жыл 7 тамыздағы №599 ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

 

«Ақшам-ақпарат».