Францияның астанасы ұзақ уақытқа басты көрме орталығы болды

f2df4dd0ff45bad9922514c887169af2_big

1851 жылы Дүниежүзілік көрме Лондонда өткеннен кейін, шараның өте табысты болғанына қызыққан Фран­цияның императоры Наполеон ІІІ 1855 жылы көрмені Парижде өткізуге бұйрық береді. Ол өзінің шарасын былай атаған екен: «Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі». Ол 1855 жылы Париж қала­сында 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, оған 5 мил­лионнан аса адам келген. Көптеген лауазымы жоғары адамдардың қатарында Англия­ның ханымы Виктория да болған. Дәл сол Парижде адам­дар алғашқы рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алтыатар (рево­львер) және мұнаймен қозға­латын алғашқы көлік құрал­дарының бірі – автокөлік сияқты инно­вациялық өнер­табыстарды та­машалаған болатын. Француз­дар мұнымен шектелгісі келмеді.

Небәрі екі жыл өткеннен кейін француздар тағы да көрме өткізуді шешкен және оны Екінші әмбебап деп атаған. Басты идеясы – ғылыми-техни­калық революцияның дамуын көрсету емес (бұл оларға дейін жасалған еді!), елдер арасын­дағы ынтымақтастықты ретке келтіру еді. Алайда, бұл – көрмеде өнертапқыштардың туынды­лары көрсетілген жоқ деген сөз емес. Мәселен, 1857 жылы жұртшылыққа алғашқы рет сүңгу және өртке қарсы костюм­дер, гидравликалық жеделсаты, сусындарды бөліп құюға арналған құрал-жаб­дықтар және басқа заттар ұсынылды. Дәл осы көрме көптеген монархтардың на­зарын аудартты. Парижге түрік сұлтанының келуі де елдер арасындағы қарым-қатынастың дамуындағы үлкен ілгерілеу болды. Францияның астана­сында австриялық император І Франц Иосиф, өзінің канцлері Бисмаркпен бірге келген Пруссия королі І Вильгельм және ресейлік патша ІІ Алек­сандр кездескен. ЭКСПО-ға барлығы 15 миллион адам келген.

Осылайша, Францияның астанасы ұзақ уақытқа басты көрме орталығы болды. ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Ол мұнараны фран­цуз­дар әуелде бүкіләлемдік көрме павильондарына жол ашатын арка ретінде тұрғызған. «Темір ханым»  аталып кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көте­ріліпті. Бүгінде бұл мұнара – Париждің символы.