«ALEM BARYSY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

df93ecd130b797010bdc242255e2ba70

Қазақстан тек әлемдік олимпиадалар және дәстүрлі спорт түрлерінен ғана емес, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерімен де әлемге танылып келеді. Бұл ретте еліміз көптеген жетістіктерге жетуде. Қазақстан қазақ күресінің атын да жаһанға паш етіп келеді. 

Биыл әлемдік аренада ұлттық спорт – қазақ күресінің стратегиялық дамуын одан әрі насихаттау мақсатында, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде «ALEM Барысы» қазақ күресінен халықаралық турнир өткізіледі. Жарыста 60-тан астам елдің мықты спортшылары қатысады деп күтілуде.

Бұл жарыс 8-9 қыркүйек күндері Астанадағы «Барыс арена» Мұз сарайында өткізіледі. Кіру – тегін.