ЭКСПО ЕРІКТІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көр­месінің еріктілері арасында «Еуразия» СК-де «EXPO VOLUNTEERS CUP» спар­та­киада түріндегі спорттық шара өткізілді.

Еріктілер – ЭКСПО-2017 бүкіл­әлемдік көрменің ұйымдастырушы комитетінің маңызды бөлігі, ал үш айдан астам уақыт қалған Халықаралық көрме үшін еріктілер мен супервайзерлер жұмысқа жан-жақты әрі рухани дайын болуы керек. Сондықтан спартакиаданың негізгі міндеті – еріктілердің коман­далық рухын көтеріп, денешынықтыру мен спорт арқылы еріктілер жасақтары арасында өзара әрекеттестік пен ұйым­шылдықты орнату. Сондай-ақ, осындай шаралар қатысушылардың салауатты өмір салтына  оң әсерін тигізеді.

ЭКСПО-2017 шеңберінде тәлім алған  Астана қаласының барлық ерік­тілер топтарының мүшелері спарта­киадаға қатыса алды. Спортшылар спорт­тың 4 түрінен: футбол, волейбол, шахмат және командалық эстафетадан бағын сынап көрді.

Шараға барлығы 400-дей адам қатысты. Әрбір турнирдің жеңімпаз­дарына «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» атынан естелік серти­фикаттар мен жүлделер табыс етілді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастыру­шылардың еңбегі, еріктілердің коман­далық рухы мен икемі, сонымен қатар, олардың жоғары деңгейдегі дайындығы арқасында шара сәтті іске асырылды.

 

Көрме еріктілері ауқымды шара өткізді

Экспо-2017 еріктілері арасында «EXPO Speakers Club» шарасы өтті. Осындай шараларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты – еріктілердің командалық рухын көтеріп, топ ішінде әрекеттесу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және нығайту.

2 күн бойы өткен «Expo Speakers Club» 4 негізгі алаңға бөлінді. Жалпы қатысушылар саны 400 адамнан асып түсті. Бірінші күні жастар Тұңғыш Президент кітапханасында өткен «БҰҰ үлгісі» атты зияткерлік ойынға қатысты. Іс-шараның екінші күнінде «Астана молл» коворкингінде 3 түрлі алаңда өткізілген жарыссөздерде жас көшбас­шылар өздерінің шешендік өнерлерін көрсетіп, команда ішінде жұмыс істеп, өз көзқарастарын қорғай білді.

Сондай-ақ, конференц-зал айма­ғын­да TedX үлгісінде спикер клубы жүр­гізіліп, спикерлер 20-30 минуттан таныстыру рәсімдерін ұсынып, сөз сөйледі.

 

«Ақшам-ақпарат».