КӨКПАРДАН І ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БОЛАДЫ

e5e40cdda4cf7e7298d45c8ff972c4b1

Халықаралық «Экспо-2017» көрмесін өткізудің қарсаңында Астана қаласында 2017 жылғы 20 – 28 тамыз аралығында көк­пардан І Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 20 елінен келетін 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Көкпар – ұлттық спорттық ойын, бұл ойында спорт­­шының ептілігі, күші, ба­тылдығы сы­налады. Қазіргі таңда көкпар ойыны Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінде кеңі­нен таралған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азия елдері көне ойын­дарды жандандыруды қолға алды. Нәтижесінде, Халық­ара­лық спорт федерациясы құры­лып, еліміздің аймақтары ғана емес, сонымен қатар, Қытай, Пәкістан, Түркия және Фран­цияның өкіл­дері федера­цияның мүшесі атан­ды.

Оқырмандардың есіне сала кетейік, бұл жарыс Астанадағы Этноауыл ұлттық-мәдени кеше­нінде өткізіледі. Кіру – тегін.

«Ақшам-ақпарат».