БОКС КЕШІ

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің wbc 55-конвенциясы Астанада ұйымдастырылады

3ff1b3e182675f87d8288cfeead805fa

WBС елу бесінші Конвенциясы 2017 жылы 31 тамыздан 9 қыркүйекке дейін Астана қаласында өтеді. Бұл шараның негізгі бөлігі елордадағы «Radіsson SAS» қонақүйінде ұйымдастырылады.

Конвенция аясында кәсіпқой бокстан Қазақстан және әлем боксы жарық жұлдыздарының қатысуымен бокс кеші де өтеді. Кәсіпқой бокс кешіндегі негізгі жекпе-жекте WBС тұжырымы бойынша, әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Бокс кеші Астана ЭКСПО 2017 көрмесі аумағында ұйымдастырылады, әрі оны әлемнің 40-тан астам елі тамашалай алатын болады.

WBС елу бесінші Конвенциясына 500-ге тарта делегат қатысады. Олар: WBС директорлар кеңесі, қазіргі әлем чемпиондары мен осы атақтан үміткерлер, төрткүл дүниеге танымал қайраткерлер, менеджерлер және промоутерлер, WBC төрешілері алқасы мен супервайзерлері, сондай-ақ, медицина саласы мен еріктілер (волонтерлер) ұйымы спикерлері.

Күтіп отырған қонақтар арасында әлемнің суперчемпиондары да бар, атап айтқанда: Шугар Рей Леонард, Марвин Хаглер, Майк Тайсон, Леннокс Льис, Эвандер Холифил, Виталий және Владимир Клич­колар, Костя Дзю, Мэнни Пакьяо, Василий Ломаченко, Александер Поветкин, Амир Хан, Хуан Мануэль Мар­кез, Рой Джонс, Роберто Дюран, Хулио Цезарь Чавес, Лэйла Али, Джо Кальсаге және Геннадий Головкин.

Айта кетейік, бұл шараларды тама­шалау тегін жүргізіледі.

«Ақшам-ақпарат».